gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында 11 «алтын ұя» салынбақ

13 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысында мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында 11 «алтын ұя» салынбақ
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға 20 жаңа мектеп салынады. Онда 15 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Сала мамандары жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланғанын айтады. Оған мыналар кіреді: апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда); тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).

Реті келгенде айта кетейік, Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.Өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.

Бүгінде Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сі пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аясында салынбақ.

Биыл жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында 19 білім ошағы оқушыларды қабылдады. Атап айтсақ Сауран, Сарыағаш, Ордабасы мен Түлкібаста және Арыс қаласында 5 мемлекеттік мектеп ашылды. Сондай-ақ 14 жекеменшік мектеп (Түркістан қаласы 3, Бәйдібек 1, Жетісай 1, Қазығұрт 1, Ордабасы 2, Сайрам 2, Сарыағаш 1, Сауран 3) өз жұмысын бастады.

Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеде, атап айтқанда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 13 білім мекемесіне, ал облыстық бюджеттен 8 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 240 пән кабинетінің жабдықтарын алуға биыл 3,1 млрд.теңге бөлінген.

Previous Post

Кретивті ұстаздың жеткен жетістігі көп

Next Post

Халық қалаулыларының Келестегі кездесулері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz