gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кретивті ұстаздың жеткен жетістігі көп

13 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кретивті ұстаздың жеткен жетістігі көп
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласында орналасқан Әлия Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде қызмет атқаратын Алтынбек Әбсейтті әріптестері «мақтанышымыз» деп бағалайды. Себебі, жас болса да білімі мен біліктілігін таныта алған ұстаз республикалық байқаулар мен олимпиадалардан жүлделі орындарды жеңіп алуда.  Сондай-ақ, химия пәнінен сабақ беретін Алтынбек Серікбайұлының шәкірттері де  білім саласындағы жетістіктерімен республиканы бағындырып жүр.
Атап айтқанда, 2022-2023 оқу жылдарында Камшат Бимолдаева ғылыми жұмыс бойынша облыстан жүлделі І орынды иеленсе, Жанат Кенжебекова республикадан «Алтын медаль» алып келді. Одан бөлек, 10-шы сынып оқушысы Жанат Кенжебекова облыс көлемінде, облыс әкімінің «Үздік жас ғалым» номинациясын жеңіп алған.
Жалпы Алтынбек Әбсейт өте креативті, шығармашыл, өзі де көп ізденеді. Сабақ барысында түрлі лайфхактар, жаңа техникалар мен инсайттарын көрсету арқылы оқушыларды білімге ынтасын арттырып отырады.
Жас ұстаздың өзі Түркістан облысы әкімдігінің «Білім саласын дамытуда қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін» және Кентау қаласы әкімдігінің «Қаланың білім беру саласының дамуына қосқан үлес үшін» марапаттарының иегері. Республикалық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазын дайындағаны үшін» алғыс хатпен, ҚР оқу-ағарту министрлігі «ЖАҢА-МЕКТЕПКЕ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің VI Республикалық байқауына қатысып, кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен және де осы секілді бірнеше марапаттармен наградталған. Қазіргі кезде ол Қазақ Ұлттың Университетінің PhD докторанты.
Previous Post

Газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Next Post

Түркістан облысында мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында 11 «алтын ұя» салынбақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz