gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Біздің мектепте мақтаулы ұстаздар көп

16 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Біздің мектепте мақтаулы ұстаздар көп
Share on FacebookShare on Twitter

Ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың да, мектептің де алатын орны айрықша. Айтайын дегенім, Жетісай ауданында түрлі жетістіктерімен көзге түсіп, мақтаулы мектептер қатарынан көрініп жүрген білім ошақтары аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі ретінде Нұртас Оңдасыновтың атымен аталатын №14 жалпы орта мектепті айтуға болады.

Жалпы бұл мектептің жетістіктерінен бұрын оның өткен тарихына тоқта кетейік. Білім ұясы 1940 жылы Ворошилов атындағы жеті жылдық қазақ-орыс мектебі болып ашылған екен. Сол жылдары жүріп жатқан соғысқа қарамастан жаңадан ашылған мектепте білім алушылар саны ай сайын арта берген. Бүгінгі таңға дейін қаншама шәкіртті қанаттандырған қарашаңырақ мектептен өнер адамдары, мемлекет қайраткерлері де аз шықпаған. Мектептің алғашқы директоры болған Қоныс Манашов 1952 жылға дейін басшылық етсе, одан кейін тізгінді қолына алған Дүйсен Егенов 1952-1971 жылдар аралығында басшылық еткен. (1958 жылы 8 жылдық орта мектеп болса, араға екі жыл салып, яғни 1960 жылы 10 жылдық «Қазақ ССР-інің 40 жылдығы» атындағы орта мектебі болған). Одан кейін Сапарбек Әбдірайымов, Тұрымтай Оразханов, Нұрымбет Сахов, Жұпарбек Әбішев, Ережеп Божымбетов, Орынбек Есжанов, Болатбек Артықбаев, Насырхан Сейдуллаев басшылық жасаған. 1967-1971 жылдар аралығында Әлжан Сәтенбеков, 1971-1973 жылдары Нұрман Мұратов директор болған. Мектептің ғимараты ескіруіне байланысты 1978 жылы мемлекеттік қазынадан қаржыландырылып салынған мектепте жыл санап оқушылар артта түсті. 1973-1980 жылдары Тоймаханбет Мергенбаев, 1980-1984 жылдары Хайрулла Сыздықов, 1984-1985 жылы тағы Тоймаханбет Мергенбаев, 1985-1990 жылдары Райымқұл Ағайдаров директор болған. Осы уақытқа дейін Гауһар Әминова, Меңлібек Байтелиев, Валентина Яковлева, Люция Оттовна, Ханзада Ахметова, Қасиет Ағманова, Назира Тамырбаева, Көшкінбек Маханов, Лесбек Бекжанов, Ноғай Ахметов, Буман Шермитова, Жібек Садықова, Салима Әбиева, Жұмагүл Рысбаева, Қатира Ибрагимова, Бибіжамал Тамырбаева, Сапаркүл Бейімбетова, Ұлтай Рапишева, Айхан Шаменова сынды мұғалімдер түрлі пәндер бойынша сабақ берсе, неміс тілінен В.Гофман, ән-күй пәнінен Жұбайхан Маханов, қазақ тілінен Оразкелді Есжанов, Гүлстан Жақсылықова, Дүйсенкүл Абдуллаева, физикадан Шайық Қалтаев, Бейбігүл Мақұлбекова, Асан Төлепов, математикадан Сұлу Бекболатова, Дүйсенбек Әбиев, тарих пәнінен Сара Дауренбекова, Әсия Ботабекова сабақ берген.

1993 жылы неміс тілі пәнінің мұғалімі Мұңайтпас Әлімбековтың ұсынысымен және бүкіл ұжымның қолдауымен мектепке мемлекет және  қоғам қайраткері Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының есімі берілді. Осылайша мектеп заман талабына сай атын ауыстырып, сол жылдары Әлтөре Сәтенбеков «1990-1998), Мұңайтпас Әлімбеков (1998-2000), Сәуле Тәкенова (2000-2004), Гүлмира Сәуірбаева (2004-2007), Мыңбосын Мақұлбеков (2007-2016), Сәрсенбек Асқаров (2016-2023) басшылық етті. Ал, 2023 жылдың 31 тамызынан бастап тізгінді білікті басшы, тәжірибелі педагог, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мерзімді басылымдарда мақалалары жиі шығып тұратын Сапаркүл Шәулиева алып, бүгінде ұжымды бір үйдің баласындай ынтымақта басқарып келеді.

Әрине, бұл мектепті бітірген мақтаулы түлектеріміз де аз емес. Әсіресе, республикалық, облыстық, аудандық деңгейде түрлі басшылық қызмет етіп жүрген шәкірттерді мектеп ұжымы әрқашан мақтан етеді. Олар да өз кезектерінде қарашаңырақты ұшқан ұясы ретінде құрмет тұтады.

Халық санының көбейуіне байланысты 2022 жылы қосымша 150 орындық ғимарат салынды. Білім беру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру, білікті, тәжірбиелі ұстаздарды үлгі ету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, мұнда мұғалімдердің ізденіп, шығармашылық жұмыстарын шыңдауына да мол мүмкіндік қарастырылған. Соның арқасында бүгінде педагог қызметкерлер өздерін толғандыратын тақырыптарда мақала жазып, тәжірибелерін бөлісіп отырады. Оқу әдістемелік жұмыстарын насихаттау, тарату аясында мерзімді басылымдардан жиі көрініп жүретіндер бар. Соның ішінен бүгінде еңбегінің зейнетін көріп жүрген ардагер ұстаз Ұлжалғас Датқабаева, Гүлнар Ырсымбетова, Шарипа Омарбекова, Ильичбай Әбілхайыров, Тұрсынбай Абжалиев, Сапаш Есимова, Рашида Мауленова, Аққыз Ахметова, Мөлдір Мүталиева, Гүлзира Мұсырманқұлова сынды ұстаздарымызды мақтан тұтамыз.

Бүгінде білім ордасында 116 мұғалім болса, оның 113-і жоғары білімді, үшеуі арнаулы орта білімді педагогтер болып саналады. Басшы лауазымындағы біліктілік санаты бар біреу болса, отыз сегіз педагог зеріктеуші, отыз бір сарапшы, он тоғыз модератор, екі тағылымдамашы бар. Біліктілігін арттыру курсынан өткен педагогтер саны 109 (3 жыл сайын) болса, сынып жетекшілердің саны 53-ті құрап отыр.

Мектепте ауданы жиырма шаршы метрді құрайтын бір кітапхана жұмыс істейді. Жалпы оқырмандар саны 859 құрайтын мұнда 33365 кітап болса, оның ішінде көркем әдебиеттер, брошюралар және журналдар саны – 3578. Оқулық саны – 29492, электронды оқулық саны – 295. Қазақ тіліндегі кітаптар саны – 22997.

Бірінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейінгі оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіні белгілі. Біздің мектепте бұл жеңілдікті 482 оқушы пайдаланып жүр.

Кәмшат АБДУЛЛАЕВА,

Н.Оңдасынов атындағы мектеп мұғалімі.

Жетісай ауданы.

Previous Post

Дархан Сатыбалды білім саласындағы мәселелер бойынша тапсырма берді

Next Post

Бес жыл ішінде мектеп кітапханалары 100 пайыз көркем әдеби шығармалармен толығады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz