gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Созақтық мұғалімдердің жаратылыстану апталығы жарысқа толды

14 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Созақтық мұғалімдердің жаратылыстану апталығы жарысқа толды
Share on FacebookShare on Twitter

«Созақ» мектеп-гимназиясында жаратылыстану пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-өмір тану, табиғаттың сырын тану» атты тақырыпта апталық өтті. Апталық алдымен жаратылыстану бірлестігінің мұғалімдері «Тәжірибелер алаңын» өткізді. Оған оқушылар қызығушылықпен қатысты. Одан кейін география пәні мұғалімдері Жақсыбергенова Раушан мен Сарыбаева Айгерім 5-7 сынып оқушылары  арасында «Алтын глобус»атты тақырыпта іс-шара өткізді. Биология пәні мұғалімі Ж. Орынтаева «Биология лидері» тақырыбында 8-сыныптар арасында сайыс өткізді. Ал, биология пәнінің мұғалімдері Ә. Тулекенова мен А.Маликова «Табиғат тазалығы-адамзат саулығы» атты тақырыпта 5-7 сынып оқушылары арасында сайыс ұйымдастырды.

«Әлемді география арқылы таны» тақырыбында 9-10 сыныптар арасында география пәні мұғалімдері А.Байдаулетова мен Э.Файзуллаева  сыныптан тыс жұмыс өткізді. «Құпияға толы химия елі» тақырыбында химия пәні мұғалімдері Г.Джакипова, Г.Исамидинова мен Ф.Оспанова сайыс өткізді. 10-сыныптар арасында биология пәні мұғалімі С.Медеубаева «Қызық екен»атты тақырыпта ерекше форматта сабақ өтті.

Айта кетейік, өткен оқу жылында аудан оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізді.Республикалық, халықаралық ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында аудан оқушылары 9 алтын, 18 күміс, 20 қола медаль иеленді.Аудандағы 5-6 сынып және 9-11 сынып оқушыларынан  құралған командалар шағын футболдан «Облыс әкімінің кубогінің» жеңімпаздары атанды.Жалпы облыстық, республикалық, ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында да ауданның 16 оқушысы – І орынды, 25 оқушысы – ІІ орынды, 28 оқушысы – ІІІ орынды иеленді.

2023-2024 оқу жылдың басынан бері өтіп келе жатқан «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінің бірінші орын жеңімпазы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Қойшыбай Нұрислам Ақтау қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алса, «Махамбет оқулары» облыстық кезеңде жүлделі бірінші орынға ие болған С.Әліұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Абдразақ Бақдәулет Атырау қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Пән мұғалімдері арасында өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңінде Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Батырова Эльмира жүлделі бірінші орынға ие болып, Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алып отыр.

Previous Post

Кентауда 300 орындық мәдениет үйі салынады

Next Post

Ақпараттық-насихаттық топ Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz