gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жас ақындар төрге шықты

17 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда жас ақындар төрге шықты
Share on FacebookShare on Twitter
Өңірде өткен жылы «Түркістан таланттары» жобасы бастау алған болатын. Бүгін жоба аясында Кентау қаласында жас ақындар төрге шығып, оқырманмен қауышты. Түрлі додаларда топ жарып жүрген Мұқағали Кенжетайұлы, Әлімжан Әлішер және Еламан Төлеутай кешке кейіпкер болса, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым модератор болды. Сондай ақ тағылымды кешке Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, композитор Бекжігіт Сердәлі және Кентау қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кентау қалалық мәдениет үйінде өткен іс-шарада келушілер кітапхана ұжымы арнайы дайындаған кітап көрмесін тамашалады. Шара шымылдығы кентаулық жас өнерпаздардың кеш кейіпкерлері өлеңдерінен үзінді оқуымен ашылды.
Әдеби кеште Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова құттықтау сөз алып, кешті ашып берді. Сондай-ақ қала басшысының ізгі лебізін жеткізді. Ал Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Байдаулетова өз сөзінде жоба мақсатына тоқталды.
Кейіпкерлер өз шығармаларын оқып, жиналған қауымға ерекше естеліктер айтты. Көрермен тарапынан сұрақтар қойылып, көпшілік ақ тілегін жеткізді. Кеш кейіпкерлеріне қала әкімінің атынан сый-құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, бұл жобаны Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы мен облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе ұйымдастырған.
Previous Post

Жас мамандар жүлдемен оралды

Next Post

Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасы аясындағы мектептердің құрылысы қалай жүріп жатыр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz