gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Жас мамандар жүлдемен оралды

16 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Жас мамандар жүлдемен оралды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне Сайрам ауданынан қатысқан жас мамандар жүлдемен оралды.

Атап айтсақ, «Green School» жекеменшік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Тузелбаева 2-орын, «Д.Қонаев атындағы ЖОМ» ЖШС-нің бастауыш сынып мұғалімі Анар Ахунова 3-орын және осы мектептің математика пәнінің мұғалімі Дилфуза Мирзатаева «Алғыс хатпен» марапатталды.

Айта кетейік, ауданда 201 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 11-ге артық. Жалпы аудандағы 97 мектептің 74-і мемлекеттік болса, 23-і жекеменшік.

2023-2024 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 5924 оқушы (2022 жылы – 6231оқушы) келді. Қазіргі таңда аудандағы мектептерде 64 990 оқушы білім алуда. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бұл көрсеткіш былтырғы жылғымен салыстырғанда 1584 оқушыға артық. Оқушыларға 7 962 мұғалім дәріс береді. Олардың 7 398-і мемлекеттік мектептерде, 564-і жекеменшік мектептерде жұмыс істейді. Педагогтердің 99 пайызы (7882) жоғары білімді. 7201 мұғалім жаңа форматта біліктілігін арттырған.

Былтырғы жылдың 8 айында 9 мектеп басшысы ротацияланды. 5 мектеп басшысы ауыстыру тәртібімен басқа мектепке ауыстырылды. Қазіргі таңда мерзімсіз келісім шартпен 14 мектеп директорлары жұмыс істеуде.

Previous Post

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған оқу бағдарламасы таныстырылды

Next Post

Кентауда жас ақындар төрге шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz