gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысындағы 1000-шы мектеп 1 жылдығын атап өтті

20 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысындағы 1000-шы мектеп 1 жылдығын атап өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы мыңыншы мектеп Сарыағаш ауданында орналасқан. №78 жалпы білім беретін мектептің ел игілігіне пайдалануға берілгеніне 1 жыл толды.

Алғашында 1024 оқушыға есігін айқара ашқан бұл білім ұясында бүгінде 1434 оқушы білім нәрімен сусындап келеді. Білім ордасының 1 жылдық мерейтойына орай мектеп ұжымы ауқымды іс-шаралар ұйымдастырды. Атап айтсақ, дене шынықтыру пәнінің бірлестігі «Толағай» эстафеталық сайыстың өтуіне мұрындық болды. 6 пән бірлестігінің мұғалімдері бой көрсеткен жарыс 6 кезең бойынша өрбіді. Сондай-ақ, іс-шаралар М.Жұмабаевтың шығармашылығына арналған әдеби кешпен, «Мектебім — жарқын болашағым» атты сыныптан тыс тәрбие сағатымен жалғасын тапты.

Жаңа мектепті жаңа жетістіктерге жетелеп келе жатқан тың бастамалар да бар. Қаңтар айынан бастап оқытушылар мектеп оқушыларын ақпараттық технологияларға үйретіп, робот құрастыруға машықтандыруда.

Жаңа мектептің жас педагогтары да жетістік пен жеңістен құр алақан емес. Мектеп ашылған сәттен бастап оқушылар жан-жақты қабілеттерін шыңдаса, ұстаздар қауымы бар ерік-жігерімен білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуда.

Previous Post

Дарынды балаларға талантты ұстаз

Next Post

Нұрлан Әбдіров Түркістан облысына барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz