Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Спорт – жастарды біріктіреді» атты сайыс өтті. Қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен мергендер сайысына қаладағы 10-11 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады.
“Мергендер” атты дәстүрлі садақ ату жарысына оқушылар үлкен белсенділікпен атсалысты.
Аталған жарыс жастар үшін тартысты да қызықты өтті. Мықты мерген екендігін дәлелдеген шешуші кезеңде “URKER”- мектебінің оқушылары біріншіі орынды иеленсе, екінші орынды Ащысай ауылындағы №7 М.Горький мектебінің оқушылары, ал Шаш-төбе мектебі мен Махмуд Қашхари мектебінің оқушылары үшінші орынды өзара бөлісті.
Жарыста жеңімпаздар мен қатысушыларға марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.