gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаудағы өндіріс орындарының қарқыны қуантады

22 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаудағы өндіріс орындарының қарқыны қуантады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында моноқалалардағы өндірісті дамыту жайына басымдық берген болатын.

«Қазір өндірістік өнеркәсіптің 40 пайызы 27 моноқаланың еншісінде. Онда 1,4 миллион азаматымыз тұрады. Моноқалалардағы тыныс-тіршілікті одан әрі жандандыруға қатысты жан-жақты ойластырылған шешімдер қажет. Бұл мәселені біз жуық арада бөлек кеңесте талқылайтын боламыз»- деді мемлекет басшысы.

Еліміздегі моноқаланың бірі Кентау қаласы бір кездері өндірісі өркендеген, құрылыс алаңына айналған қала болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін моноқаланың жанданған тіршілігі бәсеңдеп, шаһар тұрғындарының қоңыр тұрмыс кешкені рас. Облыс орталығының Түркістан қаласына ауыстырылуы Кентаудың да дамуына оң серпін бергендей. Қазір мұндағыөндіріс орындарының қарқыны қуантады. Сала мамандарының берген статистикалық деректеріне сүйенсек, бүгінде қалада жалпы өнім көлемі 76,2 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 70,3 млрд. теңге болатын. Яғни, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылы жалпы өнім көлемі 108,4 пайызға жоғары болды.

Қазіргі таңда Кентауда өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындар есебінде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындар 42699,6 млн.теңгенің өнімін өндірді. 2022 жылы бұл көрсеткіш 41275,1 млн. теңге болатын. Нақты көлем индексі 101,6 пайызды құрады.Оның ішінде сумен жабдықтау көлемі 1224,8 млн. теңге өсіп, нақты көлем индексі 186,7 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінде 644,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 149,9 пайызға жетті. Электрмен жабдықтау, газ беру көлемі 3878,8 млн. теңгеге артып, нақты көлем индексі 102,4 пайызды құрады. Ал, өңдеу өнеркәсібінде 36951,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады.

Previous Post

Кентау қауіпсіз қалаға айналып келеді

Next Post

Кентауда “мергендер” сайысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz