gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қауіпсіз қалаға айналып келеді

21 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентау қауіпсіз қалаға айналып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтанбек Үсіпбеков халық алдында есеп берді. Халықпен өзара іс-қимыл жасау және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жиынға қала әкімінің орынбасары А.Байболова және мемлекеттік орган басшылары, бөлім басшылары, қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Жиында қалалық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтанбек Үсіпбеков өткен жылғы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Онда қала көлемінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыс саны 2022 жылмен салыстырғанда 72-ге төмендеп, қылмыстық ахуалдың тұрақты екендігін айтты.
Кентау қаласында өткен жылы 252 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Аса ауыр қылмыстар 2022 жылмен тең болса, ауыр, орта дәрежелі және онша ауыр емес қылмыстар төмендеген. Зорлық зомбылық 1-ден 3-ке өсіп отыр. Денеге ауыр зиян келтіру, алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде пәтер және мал ұрлық қылмыстары төмендеген.
Полиция бөлімінің бастығы жұмысты жаңа сатыға көтеру, азаматтардың құқығын қорғайтын тәртіп сақшысының имиджін қалыптастыру, сонымен қатар, полиция қызметіне сандық технологияларды енгізу салаларына да арнайы тоқталды. Тәртіп сақшылары мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру полиция қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыратынын алға тартты.
— Әлеуметтік жағдайдың төмендігі, жұмыссыздық, ақша жетіспеушілігі сынды қиындықтар қаншама шаңырақтың шайқалуына түрткі болып отыр. Соның салдарынан, ерлі-зайыптылардың арасында агрессивті қарым- қатынас орнап, соңы қол көтеру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тіпті адам өліміне дейін жеткізуде. Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Аталған бағытта зорлық–зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмекті қамтамасыз етуде дағдарыс орталықтарын ашуға жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар берілді. Қазіргі таңда «Сүйемелдеу» орталығы өз жұмысын бастады, — деді полиция полковнигі.
Сұлтанбек Асанұлының сөзіне қарағанда өткен жылы жалпы 9484 әкімшілік хаттамалар толтырылған. 971 «Ескерту» шарасы көрілсе, 8513 қаулы бойынша 108 465 049 теңге айыппұл салынған.
Кентау қаласы аумағында 2023 жылы 44-жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 55-адам әр түрлі дене жарақатымен Кентау қалалық орталық ауруханасына түскен. Ал, апат салдарынан 4 адам қайтыс болды.
— Қаламызда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде қауіп факторларын жоюға және жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерді жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Жол көлік оқиғалары жиі орын алатын авариялық қауіпті жолдар мен тар жолдарды анықтап, оларды жою мақсатында ескерту жол белгілері мен арнайы жарнамалық бильборт орнату бойынша құзырлы органдарға жазбаша түрде ұсыныстар жолданды. Оның бірі Сейфуллин көшесі бойындағы жолдың бірден қысқаруы. Қазіргі таңда ретке келтіріліп, аталған орында жол көлік оқиғалары біршама азайды, — деді Сұлтанбек Асанұлы.
Жиында қала тұрғындары полиция бөлімінің бастығына өз сауалдарын қойды. Тұрғындар тарапынан учаскелік полиция инспекторларының қызметінен бастап әлеуметтік мәселелерге дейінгі түрлі сипаттағы мәселелер айтылды.
Полиция полковнигі кездесуге келген азаматтардың сауалдарын, мәселелерін тыңдап, толыққанды жауаптар берді. Түйткілді жағдайларды жақын арада шешуге уәде берді.
Раушан НАРБЕК

Previous Post

Кентауда тұрғындардың 93 пайызын көгілдір отынға қосу жоспарлануда

Next Post

Кентаудағы өндіріс орындарының қарқыны қуантады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz