«АMANAT» партиясы Кентау филиалының ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау қалаға қарасты Хантағы ауылында өткізілді. Қабылдауда қала әкімі Жандос Тасов ауыл тұрғындарын қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімінің орынбасарлары және мемлекеттік орган басшылары, бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауға онға жуық ауыл тұрғыны келіп, коммуналдық сала бойынша тұрғын үй алу, балалар ойын алаңшасы, көше жарықтары, ауылға көгілдір отынға қосу және әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Қала басшысы аталған мәселелерге заң аясында жауап беріп, шешімді шұғыл қажет ететін жағдайларды шешу үшін жауапты сала басшыларына тапсырды. Қабылдауда көтерілген әрбір мәселе бақылауда болатынын атап өтті.



