gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Заман талабына сай білім берудің әдістері айтылды

16 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Заман талабына сай білім берудің әдістері айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара аудандық білім бөлімінінің әдістемелік кабинеттің іс-жоспарына сәйкес, бөлім әдіскері Г.Мырзабекованың ұйымдастыруымен Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Оқу мен оқытудағы іс-әрекетті зерттеу» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты сабақты зерттеу нәтижесінде бірлескен әрекетті тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту арқылы білім сапасының артуына ықпал ету болды. Семинарға серіктес мектептер: №7 жалпы білім беретін бастауыш мектеп және Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы пәндерден сабақ беретін мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында алгебра пәнінен 9 «Ә» сынып оқушыларына  С.Демеуова «Тригонометриялық тепе-теңдіктер», химия пәнінен 9 «А» сынып оқушыларына А.Асқарова «Күкірттің қосылыстары», география пәнінен 9«Б» сынып оқушыларына «Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары» атты тақырыптарда ашық сабақтар өтсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Арынова «Функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында мұғалімдермен коучинг жүргізді.

Сабаққа қатысқан барлық ұстаздарға серіктестік жұмысын арттырып, жан-жақты іздену арқылы жұмыс жасауға шақырды.

Айта кетейік, бүгінде Шардара ауданында 31 мемлекеттік мектеп бар. Онда 19 мыңнан астам оқушы білім алуда. 41 балабақшада (17 мемлекеттік, 23 жеке меншік, 1 шағын орталық) 4636 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектептердің информатика кабинеттері 3837 компьютермен жабдықталған, нәтижесінде 1 компьютерді пайдаланатын оқушы саны 5,47 бірлікке жетті. Аудан мектептерінің телефонмен байланысы және интернет желісін пайдалану 31 мектептің барлығында орнатылған.Өткен жылы «Шардара  мектеп-лицейіне» облыстық бюджеттен 254,9 млн теңге қаржы қаралып, ғимарат күрделі жөндеуден өтті.30 мектепке 83,7 млн теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда 2 мектептің құрылысын жүргізу қолға алынды. Жобаға сәйкес, 1500 оқушы заман талабына сай мектеппен қамтылады (Шардара қаласындағы 4-ші мөлтек ауданына 1200 орындық, Өтеғұл мөлтек ауданына 300 орындық) деп күтілуде. Қазіргі таңда аталған мектептерге жер телімдерінің мемлекеттік актілері және тиісті техникалық шартары алынып рәсімделді.

Previous Post

Жаңа сынып ардагердің есімімен аталады

Next Post

Кентауда көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz