gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

15 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына биыл 35 жыл толып отыр. Осыған орай С.Қожанов атындағы саябақта «Міндет. Абырой. Ерлік» атты іс-шара өтті.

Ауған соғысына қатысқан азаматтардың ерлігін дәріптеу, соғыстың зардаптарын кейінгі ұрпаққа тереңінен түсіндіру, бейбітшіліктің қадірін білуге үйрету мақсатында өткен шараны Кентау қаласының әкімдігі мен ішкі саясат бөлімі бірлесе ұйымдастырды.

Жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, Кентау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратша Түнтеков,  Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Ерназаров,  Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Нұрлан Дүйсебаев,  орталық мешіттің бас имамы Ғалымжан Айекеев және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ауған соғысының ардагерлері қатысты.

Қорғаныс бөлімінің сарбаздары сап түзеп, Ауған соғысында қаза тапқан ардагерлерді бір сәтке еске алды. Кентау қаласы әкімінің орынбасары  Ақнұр Байболова мен қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусизов Ауған жерінде ерлік көрсеткен интернационал жауынгерлердің есімдері мәңгі ел есінде сақталатындығын айтты.

Көпшілік Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мемориал ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен, Отан алдындағы парызына адал болған боздақтардың рухына құран бағышталады.

Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай арнайы ұйымдастырылған іс-шара Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында жалғасты. Жиында интернационал жауынгерлер «Ауған соғысына — 35 жыл» меделімен марапатталды.

Previous Post

Төрт жақты меморандумға қол қойылды

Next Post

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жандандыру жолдары қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz