gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауғанстанда құпия әскери операцияға қатысқан

14 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ауғанстанда құпия әскери операцияға қатысқан
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Ауған жерінде болған сол сұрапыл соғысқа қаншама қандастарымыз қатысып, кеудесін оққа тосты. Отандас елдер әскерлерімен бірге жау жүрек жауынгерлеріміз, тау бөктеріндегі Ауған даласын жаудан тазарту ісіне белсене араласты. Солардың бірі Кентау қаласының тұрғыны Мұрат Ерназаров Ауған жеріне ең бірінші аяқ басқан әскерилердің ішінде болған. Яғни, Ауған жерінің басшысы Х.Аминнің сарайы мен бас штабты алу жөніндегі құпия операцияға қатысқан.

— Отан алдындағы борышымды Беларуссиядағы 103 әуе десанты дивизиясы қатарында өтеп жүрген кезім болатын. Бір күні баршамызды командиріміз жинап алып, Ауғанстан жеріне баратынымызды айтты. «Екі-үш ай оқу әскери жаттығуға кетіп бара жатырмыз» — деп үйге хат жаздырды. Офицерлер әскери тактика жағынан кеңес берді. Медициналық тексеруден өткен соң, вакцина салды. Екі аптадай дайындықтан өттік. Содан қажетті техникалар мен қару жарақтарды ұшақ ішіне тиеп, ауған жеріне алып кеттік. Содан Ауған жеріне жеткенде ұшақтан әскери техникаларды түсіріп алуға үш-ақ минут уақыт берді. Жылдам жүріп бұл тапсырманы да орындадық. Бізді алып барған ұшақтар бір сәтке де аялдамай қайтадан артқа ұшып кетті. Аэродромнан бір шақырым жер жүрген соң үш күндік ұрыс жүргізуге оқ жарақ пен азық түлікті алдық. Колонамен бірге Кабул қаласының ортасынан өттік. Халық тарапынан бізге ешқандай қарсылық болған жоқ. Қаланың шетіне шыққан соң, екіге бөліндік. Бірінші топ Амин отырған сарайды, екінші топ бас штабты басып алуы керек болды. Біз бас штабқа бардық. Жарты сағат бойы соғысып, бас штабты басып алдық. Ал бірінші топ Амин сарайының талқанын шығарды. Кейін екі күн бойы Кабул көшелерін жаудан тазартылды, — дейді интернационал жауынгер.

Мұрат Сартбайұлы көптеген медальдармен марапатталған. Қазіргі кезде Ауған соғысы ардагерлері кеңесін басқарады. Құрамында 67 мүшесі бар ұйым, жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттердің қалыптасуына, Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, мәселелерін шешу жайымен жұмыс жасауда.

Previous Post

Созақтық кәсіпкер ауыл мектебіне 100 кітап тарту етті

Next Post

Ауыл мектептеріне айрықша назар аударыла бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz