gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұйыссақ қана тығырықтан шыға аламыз

8 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ұйыссақ қана тығырықтан шыға аламыз
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарына су тасқынына байланысты арнайы үндеу жолдады. Қазір елімізде қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Президент халыққа үндеуінде Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында болған су тасқыннан қорытынды шығарып, жіберілген олқылықтардан сабақ алу қажеттігін айтты.

Осындай қиын-қыстау сәтте, бір-бірімізді қолдап, бірлікті сақтауымыз қажет. Қол ұшын созып, демеу болуымыз керек. Сонда ғана біз барлық қиындықты еңсеріп, бойымызды тіктей аламыз.

Бүгінгі халыққа арнаған Үндеуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы су тасқыны көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін атап өтті.

Президент қиындықты міндетті түрде еңсеретінімізді, суға кеткен үйлер қалпына келтірілетінін, қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды екенін жеткізді.

-Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі, — деп Президент зардап шеккендерге тиісті көмек берілетінін мәлімдеді.
Президеттің бұл үндеуіне облыстық мәслихат депутаттары да қолдау білдіріп, көмектерін беруде.

Нұралы ӘБІШОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы.

Previous Post

Кентауда «Бұзушылыққа тоқтам» атты жиын өтті

Next Post

Түркістан облысында 201 мың көшет отырғызылып, 317 мың ағаш әктелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz