«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кіріспе
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.
Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама БАҚ-та, сондай-ақ МАМ-ның, ЖАО-лардың және басқа да әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсты өткізу тәртібі:
- 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын дайындау және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрамын бекіту.
- 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру мен өткізуді ақпараттық сүйемелдеудің Медиа-жоспарын бекіту, сондай-ақ Конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді үйлестіру.
- 2024 жылғы 15 мамырға дейін Ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысын өткізу.
- 2024 жылғы 15 мамырда Халықаралық Отбасы күні қарсаңында (International Day of Families) #Otbasym2024 хэштегімен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізудің басталуы туралы «Хабар», «Хабар24», «Қазақстан» республикалық телеарналарында, «Таңшолпан» ақпараттық-музыкалық бағдарламасында, МАМ-ның ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланады.
- Конкурстың екі кезеңін өткізу. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
- МАМ жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін (бейнероликтер) дайындайды, «Хабар», «Хабар24», «Қазақстан» телеарналарында, «Таңшолпан» ақпараттық-музыкалық бағдарламасында, МАМ ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жариялайды.
- 2024 жылғы 8 қыркүйекке дейін Отбасы күні қарсаңында конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізу (диплом мен ерекшелік белгісін (мүсіншені) табыстай отырып).
Бірінші кезең – аудандық (қалалық) деңгейде:
- 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы аудандық (қалалық) турлар конкурсының лауреаттары қатарынан конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құру және бекіту.
- Комиссия туралы ереже тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімімен бекітіледі.
- 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру мен өткізуді ақпараттық сүйемелдеудің Медиа-жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ Конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді үйлестіру.
- 2024 жылғы 10 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын жариялау бойынша «Қазақстан» РТРК-де және өңірлік телеарналарда, облыс, аудан (қала) әкімдігі аппаратының ресми сайттарында және интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде («Мерейлі отбасы — 2024» арнайы айдарын ашу) ақпараттық-имидждік компания өткізу.
- 2024 жылғы 15 мамырда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы өңірлік телеарналарда, облыс, аудан (қала) әкімдігі аппаратының ресми сайттарында және интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде хабарландыру.
- 2024 жылғы 15 мамырдан бастап 2024 жылғы 15 маусымға дейін Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді аудандық (қалалық) комиссияға қағаз немесе электрондық нұсқада қабылдауды жүргізу. Қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 14 маусым.
- 2024 жылғы 1 шілдеге дейін (қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде) аудандық (қалалық) комиссия алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырып іріктеу жүргізеді және екі отбасын айқындайды.
- Екі жұмыс күні ішінде өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, Астана) комиссияларға жолдайды.
- «Қазақстан» РТРК» АҚ-та және өңірлік телеарналарда, облыс, аудан (қала) әкімдігі аппаратының ресми сайттарында және интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, «Айқын», «kazinform.kz»-те жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау, ақпараттық ілгерілету.
Екінші кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана):
- 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) турлар конкурсының лауреаттары қатарынан облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрамын құру және бекіту.
- Комиссияның ережесін, іріктеу өлшемшарттарын және конкурсты өткізу форматын бекіту.
- 2024 жылғы 10 мамырдан кешіктірмей «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) комиссиялардың отырысын ұйымдастыру.
- 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру мен өткізуді ақпараттық сүйемелдеудің Медиа-жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ Конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді үйлестіру.
- 2024 жылғы 17 шілдеге дейін Комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде (қажет болған жағдайда) ұсынылған құжаттарды қосымша тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және жеңімпаз бір отбасын айқындайды.
- Комиссияның отырысын интернет-ресурста және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляциялар режимінде өткізу.
- Отырыстан кейін екі жұмыс күні ішінде комиссия өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге ұйымдастыру комитетіне жолдайды.
- «Қазақстан» РТРК» АҚ-та және өңірлік телеарналарда, облыс, аудан (қала) әкімдігі аппаратының ресми сайттарында және интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, «Айқын», «kazinform.kz», облыстық газеттерде жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау, ақпараттық ілгерілету.