Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының азаматтардың құқықтық санасын арттыру, «Әділ Қазақстан» ұлттық идеясын қалыптастыру бойынша және «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілету үшін заңнаманы түсіндіру бойынша Бас прокуратураның 2024 жылға арналған Медиа-жоспарын орындау бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен қала әкімі аппаратында брифинг өтті.
Брифингке Кентау қаласының полиция бөлімінің ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Ахметов Жанболат Саруарұлы, Қалалық білім бөлімінің бас маманы Апиев Едіге Қанатұлы, Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жақаев Жалғас Оразбекұлы қатысып, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндамаларын оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жалпы мектептерде «Түнгі қала», «Жасөспірім» жедел профилактикасы аясында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында, ерікті педагогтерден құралған мобильді топ мүшелері мен қала әкімдігі, ішкі саясат, полиция, прокуратура, жастар орталығымен 47 күндізгі, түнгі рейдттер жүргізілген. Рейд барысында беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүрген 62 оқушы анықталып, 42 ата-анаға әкімшілік айыппұл салынған.
Сондай-ақ баспасөз бриффингі барысында мамандар тарапынан алдағы жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды, қараусыз қалдырмау, тиым салынған аймақтар мен су арналарына жібермеу секілді ескертулер айтылды.