gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістанда «Барыс бала» байқауының қорытындысы өтті

23 мая, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістанда «Барыс бала» байқауының қорытындысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Талай шығармашылыққа ден қойған жасөспірімдердің талантын ашқан, талапты шәкірттерді ынталандыра білген «Барыс бала» байқауы қорытындыланды. «Жемқорлық және Заң» газеті, оның бас редакторы Қаламқас Алиакбарқызының бастамасымен өткізіліп жатқан байқау биыл «Түркістан – тарихи туристік қала» тақырыбын арқау етті. Оған 100-ден астам оқушылардың шығармалары түсіп, білікті қаламгерлердің сараптауынан өтті. Байқау биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Киелі топырақтың әр баласы – дарынды, зор талант иесі! Бүгін сондай оқушыларымыздың бір бөлігі аталған байқауға қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерімен танылды. Байқаудың ережесі бойынша шығармашыл оқушыларымыз эссе жазып өздерінің ойларын ашық жеткізе білу қабілеттерін, поэзия бағытында ақындық қабілеттерін жоғары деңгейде жеткізу арқылы жүлделі орындарға ие болып, марапаттау салтанатына шақырылды.

Оқу жылы бойына оқушыларымыздың білімдерін, шығармашылықтары мен өнерлерін таразылайтын талай сайыстар өтіп жатады. Солардың ішінде «Барыс бала» байқауын да ерекше атап өтуге болады. Себебі, мұндай байқаулар оқушыны шығармашылыққа баулумен қатар, кітап оқуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға зор ықпал етеді.

Байқаудың салтанатты марапаттау шарасына қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков, қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Амантайұлы Сәрсенбаев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы Букебаев, аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Ергешбайұлы және тағы басқа қонақтар қатысып, жас шығармашылық иелерін жүлделерімен құттықтады. Жүлдегер оқушыларға марапат қағаздарымен қатар сый-сияпаттарын табыс етті. Байқауды ұйымдастыруға атсалысқан жандар да марапаттан тыс қалмады. Олардың ішінде білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы да бар екендігін айта кеткен жөн. Өз кезегінде байқаудың бастамашысы болған Қаламқас Алиакбарқызына ризашылықтарын білдірді. Ал қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасымен жоғары көңіл-күй сыйлады.

Previous Post

Жасанды интеллект – тіл үйретудегі жаңа үрдіс

Next Post

Балалар қауіпсіздігі аясында баспасөз брифингі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz