Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «64» шаршылы дойбыдан жасөспірімдер арасында әлем кубогы өтті. Әлем елдерінің дойбышыларының басын біріктірген додаға Сауран ауданында орналасқан «Мектеп Жаңа Иқан» ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акажон Иззатуллаев пен 3 «А» сынып оқушысы Маржонабегим Ирисбек қатысты. Жас болса да осынау айтулы жарыста бақ сынап, үздік жетіліктен көрінді.
Маржонабегим дойбы үйірмесіне осыдан жеті ай бұрын ғана қатысқан болатын. Бүгінде Түркістан облысының біріншілігінде екінші, үшінші орындарды жеңіп алған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының чемпионатына да қатысып үлгерді.