gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Есірткі есіңді алмасын

20 мая, 2024
in Қоғам
0
Есірткі есіңді алмасын
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде соңғы уақытта есірткімен күрес қатты күшейіп келеді.Республикамыздың әр аймағында күніне бірнеше оқиға тіркеліп жатады. Олардың бәрі есірткімен айналысып, тіпті, жасырын өсіріп отырғандары да бар. Адам баласынан айла артылар емес. Бірақ түптің түбінде қандай айла жасаса да жазасын алып отқандар қаншама.

Есірткі айналымына қазір барлық елдерде шектеу қойылған. Елімізде

де есірткіні пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 420, 421,

422 және 423-баптары есірткі заттарына қатысты. Бұл баптар бойынша заңда

әртүрлі айыппұл салынады. Есірткі, психотроптық заттар, сол текстермен заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық

кодексінің «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауында 7 бап бар. ҚК-тің 3 бабы бойынша 297,

298, 299-баптарында көзделген қылмыстық іс жасаса, азаматтардың мүлкі

тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не өмір

бойы бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

Бұл ретте жасөспірімдердің өмірін нашақорлықтан арашалау мәселесін

де ұмытпаған дұрыс. Кейбірі есірткінің көмегімен проблемадан, қобалжудан,

кәдімгі өмір қиыншылықтарынан қиналып, ойын бөлуге тырысады. Өкінішке

орай, адам бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, көтерген жүктің ауырлығын жеңілдете алмайды. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – денсаулығы екенін естен шығармаған абзал. Сол себепті, ішімдік, есірткі деген заттардан аулақ болған жөн. Сенің шешімің – сенің болашағыңның шешімі болмақ.

 

Қалмағанбет Бақдаулет

Кентау қалалық сотының бас маманы

сот отырысының хатшысы

Previous Post

Дойбыдан әлем чемпионатында саурандық оқушы үздіктер қатарынан көрінді

Next Post

Дойбыдан әлем чемпионатында саурандық оқушы үздіктер қатарынан көрінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz