gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

«Жайлы мектепке» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілмек

18 мая, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
«Жайлы мектепке» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілмек
Share on FacebookShare on Twitter

«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасымен салынып жатқан білім ұялары әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, балалардың сапалы, жан-жақты білім алуына жағдай жасалмақ. Жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және тағы басқа қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде Binom School мектептер желісінің тәжірибесі ескерілмек. Осы орайда Түркістан облыстық білім басқармасының қызметкерлері жақында Астана қаласында орналасқан Binom School мектептер желісінде болды.
«Жайлы мектеп» пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады. Сондай-ақ осы мектептерде жұмыс істейтін 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ», Педагогикалық шеберлік орталықтарында арнайы курстардан толық өтеді.
Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚУ, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттеріне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Ал 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.
2025 жылы пайдалануға берілетін 26 100 орындық 34 мектептің құрылысын іске асыру жоспарына сәйкес, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету 2025 жылғы 1 тамызға жоспарланған. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Биыл пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады. Жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. 2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-сі жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық.

Previous Post

WORLDSKILLS облыстық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Next Post

Түркістан облысында өзге ұлт өкілдерінің 74 пайызы қазақ тілін меңгерген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz