Күннің ысуына байланысты шомылу маусымы басталды.
Жаздың ыстығында салқын суға шомылу жанға жайлы, алайда жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке алып келіп жатады.
Кентау қалалық әкімі аппараты мамандары мен тәртіп сақшылары суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шаралар атқаруда.
Суға түсу ережелерін әрдайым сақтау қажет, тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылу керек.