gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Бәйдібектегі «Тау шыңы» демалыс лагері өз жұмысын бастады

12 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Бәйдібектегі  «Тау шыңы» демалыс лагері өз жұмысын бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Оқу жылы аяқталып, оқушылардың жазғы демалыс маусымы да басталды. Мектеп оқушылары үшін жазғы демалыстың маңызы ерекше. Оқушылар жазғы демалыстарын түрлі демалыс орындарында, сауықтыру кешендерінде ерекше етіп өткізгісі келетіні анық.

Бәйдібек ауданындағы «Тау шыңы» демалыс лагерінде балалардың жазғы демалыс маусымының ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға  аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев қатысып, маусымның басталу сәтімен құттықтап, лагерьдің жұмысына сәттілік тіледі.

Ашылу салтанатына жиналған жұршылық демалушы балалардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Балалар ән биден өздерінің өнерлерін ортаға салып, «Тау шыңы» лагерін әсем ән мен қуанышқа бөледі.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, үш айлық демалыстарын тиімді өткізу мақсатында биылғы жылы Бәйдібек ауданында «Тау шыңы» демалыс лагеріне 1000 балаға, қала сыртындағы лагерлерге 1001 балаға жолдама берілген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бөлінген жолдамамен аудандағы 81 бала Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагерінде демалуда.

Жазғы лагерлерде оқушылар демалумен қатар, білім көкжиектерін кеңейтіп, шығармашылыққа бейімделетін болады. Ұстаздар жоспарға сәйкес топтармен жұмыс жасап, балалардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға, адам бойындағы жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман қасиеттерден аулақ болуға бағытталған әр түрлі тақырыптарда жарыстар мен ойындар ұйымастырады.

Демалыс кезінде техникалық қауіпсіздік шаралары мен құқық бұзушылықтардың  алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімінің, аудандық төтенше жағдайлар және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізілетін болады.

Previous Post

Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалы ашылмақ

Next Post

Кентауда кезектен тыс 17-ші сессия өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz