Бүгін Кентау қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХVII сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов төрағалық етті.
Күн тәртібінде 10 мәселелер сөз болды. Атап айтқанда:
1) Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №77 «Кентау қаласының Ащысай ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №78 «Кентау қаласының Байылдыр ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №79 «Кентау қаласының Хантағы ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №80 «Кентау қаласының Қарнақ ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5) Кентау қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
6) Кентау қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
7) Кентау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;
8)Кентау қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;
9) Кентау қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы;
10) Кентау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы. Аталған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.