Қазақстанда 4 мыңға жуық жас «Серпін» бағдарламасы арқылы тегін білім ала алады. Бағдарлама игілігін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл мен Алматы, Жетісу облыстарының жастары көрмек. Осы бағытта Түркістанда «Жоғары білім көрмесі» ұйымдастырылып, еліміздегі 23 жоғары оқу орны түлектерді аталған бағдарламамен оқуға шақырды. Облыс орталығынан бастау алған шара 14 маусымға дейін аудан-қалаларда жалғасатын болады.
Түркістан облысының білім басқармасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесіп, брифинг өткізді. Брифингте шетелдердегі жоғары оқу орындарына түсу, қандай жаңа мамандықтарға сұраныстардың бары түсіндірілді.
Жыл бойы, кәсіптік бағдар беру – жеке тұлғалардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушылардың мамандық таңдауда дайындау, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу үшін бағытталған шаралар бойынша (сынып сағаттары, ZOOM платформасы арқылы, семинарлар, ашық сұхбаттар, экскурсиялар жыл бойы ұйымдастырылуда.
Екі жыл қатарынан «GLOBAL CAPA» Халық білім беру орталығының ұйымдастыруымен бітіруші түлектерге «Ашық есік» өткізілді. Білім беру орталығы көрме, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 1000-нан астам бітіруші түлектер түрлі іс-шараларға қатысты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоңыс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары (Серпін жобасы) және олардың ата-аналары үшін білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен «Серпін» бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындары жыл сайын жұмыс сапарларын жоспарлап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында өткізіп келеді.
Бұл іс-шараның ауыл жастары үшін маңыздылығын ескере отырып Түркістан облысына қарасты аудан, ауыл мектептерінің бітіруші 11 (12) сынып оқушыларын 2000 нан астам бітіруші түлектері қатысты.
Аталған бағдарламаның үш жылғы көрсеткішіне үңілер болсақ, едәуір өсімді байқауға болады.
2020-2021 оқу жылында Түркістан облысында жалпы білім беретін мектептерде 11-сынып оқушыларының 691-і «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түскен. Бұл көрсеткіш, 2021-2022 оқу жылында 978-ге көтерілді. Былтыр «Серпін» бағдарламасы бойынша өңірдің 1012 оқушы грант жеңген.