gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Арыста «Ақындық әлемі» күні өткізілді

5 июня, 2024
in Білім
0
Арыста «Ақындық әлемі» күні өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Абай лирикасын дамыта өзіндік қолтаңбасымен із қалдырған ақындар қаншама. XX ғасырдың басында Мағжан, Ілияс, Сәкендер есімі қазақ жастары арасында танымал болса, бүгінгі XXI ғасыр есігінде Мұхтар ағамыздың есімін жеке дара атап өтпеске болмайды. «Қазақтың ақиық ақыны» атанған Мұхтар ағамыздың махаббат, достық, адамгершілік тақырыптарындағы өлеңдерін жатқа айтпайтын жан жоқ десек қателеспеген болар едік. Оның «Ғашықтық ғаламаты», «Махаббатты қорғау», «Ғасырларды безбендеу», «Тоқшылық», «Сенім патшалығы», тағы басқа  өлеңдері мен поэмаларымен танымал болған жыр маржан кітаптары тек қана қазақ тілді баспалардан ғана емес, шет тілді баспалардан да жарық көрген.

Түркістан облысы, Арыс қаласының  білім  бөліміне қарасты «М.Шаханов» атындағы жалпы білім беретін мектебінде   2023-2024 оқу жылындағы мектеп жанынан ашылған «Жұлдыз» сауықтыру алаңында биылғы жылдың  «Ақындық әлемі» күні өткізілді.

«Ақындық әлемі» күнінде «М.Шаханов шығармаларынан байқау»,  «Ақын жазушыларды суреттен тану» сайысы, I am speak english ағылшын тілін үйрену сағаты және спорттық ойындар ойнатылды. Аталған шараның мақсаты – ақын өмірі мен шығармашылығын түсіндіру. Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыту, сөйлеу тілдерін жаттықтыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданында дүниеге келген. Ақынның алғашқы өлеңі 1959 жылы жарияланды, ал «Бақыт» аталатын тұңғыш жыр жинағы 1966 жылы басылып шықты. Одан кейін 1968 жылы «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді», 1974 жылы «Қырандар төбеге қонбайды», 1976 жылы «Сенім патшалығы» кітаптары шықты. Мұхтар Шаханов 60-тан аса елден 120-ға тарта сыйлық алған. 2002 жылы Эйнштейн атындағы алтын медаль берілді.

 

Previous Post

Арыста балалардың ойлау қабілетін арттыратын семинар өтті

Next Post

Түркістан облысында 10 жазғы лагерь жұмысын бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz