gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Мақтааралда республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

6 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Мақтааралда республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы, Ленгір қаласында Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысының облыстық кезеңі өтті. Ұйымдастырушысы – Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ.

Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау. Аталған байқау 4 номинация бойынша ұйымдастырылып, әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру номинацияларының жеңімпаздары анықталды. Мәселен, толығырақ тоқтала кетсек,

Әуе модельдері:

F-1-А планер моделі номинациясы бойынша А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Алишан Бахратов жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі – Бабамуратов Абдушукур Абдыхаликович;

Радиомен басқарылатын көлік модельдері:

1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу;

РЦБ класы номинациясы бойынша Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Дінмұхаммед Сейтбеков жүлделі 2-орынға ие болды; Жетекшісі – Дусекеев Нұрлан Сайрамбаевич;

Кеме модельдері:

Ф -2 –А мини номинациясы бойынша Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Серікбай Бекнұр жүлделі 2-орынға ие болды;  Жетекшісі – Аликулова Арайлым Сәрсенбековна;

Зымыран модельдері:

S6А – стример; А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Агалиев Халил жүлделі 3-орынға ие болды; Жетекшісі –Бабамуратов Абдушукур Абдыхаликович.

Жеңімпаз болған оқушыларға диплом және сертификаттар табыс етілді.

Байқаудың нәтижесінде жүлделі І дәрежелі диплом иегері А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Алишан Бахратов республикалық байқауға жолдама алды.

 

Previous Post

Кентауда этносаралық ахуал бойынша жиын өтті

Next Post

Түркістан облысында «Жайлы мектепке» қабылданатын педагогтардың біліктілігін арттыру курсы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz