gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында «Жайлы мектепке» қабылданатын педагогтардың біліктілігін арттыру курсы басталды

6 июня, 2024
in Білім
0
Түркістан облысында «Жайлы мектепке» қабылданатын педагогтардың  біліктілігін арттыру курсы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Облыста «Жайлы мектепке» қабылданатын педагогикалық құрамның алғашқы легі біліктілік арттыруды бастады. Олар «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында  алғашқы кезекте құрылыс нысанының жойылуына байланысты толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшірілетін 8 мектептегі 41 мектептің басшылық құрамы мен мұғалімдері. Ұстаздарға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлар өз бағыттары бойынша дәріс оқыды. Бұл бастама Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының арнайы ұсынысымен басталып, өткен жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тілеп Болат Анапияұлы мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары  Бейсенбай Тәжібаевтың  өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді.

Меморандум аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынатын мектептерге қабылданатын педагогикалық қызметкерлер аталған университетте біліктілігін арттырады. Бұл мәселені шешу мақсатында жалпы 1904 білім қызметкерлері білімін жетілдіретін болады. Осы мақсатта Түркістан облысының білім саласының қызметкерлері мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлар құрамы басқосты.

Курс барысында мектеп басшылары мен орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері, гуманитарлық бағыттағы және жаратылыстану бағытындағы білім қызметкерлеріне арнайы 4 топ жұмыс жасап, профессорлар құрамы лекция оқыды.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. 2024 жылы – 29, 2025 жылы – 34 мектептің құрылысы аяқталады деп көзделуде.  Келешекте онда 49 мың бала білім алады.

Мемлекет басшысының бастамасы негізінде қолға алынған заманауи, жайлы мектептердің салынуы өңірдегі үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілмек.

Previous Post

Мақтааралда республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Next Post

Түркістан облысындағы жазғы лагерьлерде санитарлық талаптар қатаң бақылауға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz