gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Созақта балалар мерекесі аталып өтті

2 июня, 2024
in Білім
0
Созақта балалар мерекесі аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында балдырған балалардың мерекесі кең көлемде, сән-салтанатымен аталып өтті. Ауыл ішіндегі «Астана» саябағы мерекеге сай безендіріліп, шараға 500-ге жуық  бүлдіршін мен ата-аналар қатысты.

Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов шараға жиналған жұршылықты мерекемен құттықтап, аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлының ыстық ықыласын жеткізді. Ауылдық округте білім мен спорт саласы бойынша облыстық, республикалық сайыстарда жетістікке жеткен оқушыларға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Рыскелді Сапарбаев және «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова ізігі тілектерін арнап, шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Балаларды ерекше әсерге бөлеген мерекелік шара ашық аспан астында сурет салудан басталды. Балалар асық ату мен тоғызқұмалақтан өзара сынға түсіп, ұлттық спорт ұлықталды.

40 жылдық тарихы бар Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры «Балаларға бақыт сыйлайық» атты мерекелік бағдарламасын тарту етіп, «Шымкент-цирк» өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Қуыршақтар шеруі мен балаларға арналған интерактивті ойындар жас бүлдіршіндерді қуанышқа кенелтті. Дәстүрлі әндер орындалып, шара аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты. 500-ге жуық  балаға балмұздақ таратылып, құрмет көрсетілді.

Мерекеге орай өткізілген іс-шара балалардың есте қаларлық және ұмытылмас сәттерінің біріне айналғаны анық.

Айта кетейік, 1 маусым, дәстүр бойынша, жыл сайын бүкіл әлемде -Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі!   Бұл күн 1949 жылғы қарашада Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылды, ол алғаш рет 1950 жылы атап өтілді. Мереке «Балаларды қорғау күні» болып бүкіл әлемдегі тарихи күндер күнтізбесінде түбегейлі бекітілді.

 

Previous Post

Арыста балалар мерекесіне орай спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Next Post

Созақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz