gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Созақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп пайдалануға беріледі

2 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Созақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп пайдалануға беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданының орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп салынуда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен барып, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жауапты мамандарға құрылыс және жабдықтау жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

Аталған білім ошағы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылып отыр. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталады. Жайлылық пен тиімділікті қаматамасыз етіп, мектепішілік кеңістік ыңғайлы болу мақсатында бастауыш сыныптар, орта, жоғары буын оқушылары үшін жеке блок жасалады.

Айта кетейік, еліміз бойынша жаңа мектептер ашу жөнінен де өңір алдыңғы қатарда. Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары біздің өңірде 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биылғы жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында облыстық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Жазғы сауықтыру лагерлерінде 35 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен тегін, «Қазақстан халқына» қоры есебінен 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Бұл маусымның тағы бір ерекшелігі алғаш рет лагерінде шатырлы және этно лагер ұйымдастырылады.

Previous Post

Созақта балалар мерекесі аталып өтті

Next Post

Төлебиде балалар лагері ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz