gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Төлебиде балалар лагері ашылды

2 июня, 2024
in Білім
0
Төлебиде балалар лагері ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай,   Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округіндегі отбасы үлгісінде жұмыс жасайтын балалар үйі жанынан лагерь ашылды. Демалыс аймағына «Төлеби нұры» атауы берілді.

Сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары қатысып, балаларды шуақты мерекемен құттықтап, арман, мақсаттарының орындалуына тілектес екендерін жеткізді. Балаларды мерекесімен құттықтауға келген қонақтар жзағы легердің алаңына жиналып, тәрбиеленушілер қойған концерттік бағдарламаны тамашалады. Мерекелік сияпат ретінде аманаттықтар балалардың жазғы сауықтыру лагеріне автоматты кір жуу машиналарын табыстап, балғындарға тәтті сый – балмұздақ үлестірді.

Балалардың қуанышымен бөлісуге арнайы келген аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры, шекара қызметінің, төтенше жағдайлар департаментінің, әскери бөлімнің, экология департаментінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер де мерекелік сыйлықтарын табыстап, балаларға қуаныш сыйлады.

Мереке күні пайдалануға берілген 60 орындық шағын лагерьде балалардың сапалы демалуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Биыл балалар үйінің ашылғанына тоқсан бес жыл толып отыр. Бүгінде мұнда 70-ке жуық жас өскін бір үйдің баласындай күн кешіп, тәрбиемен қамтылуда.

Айта кетсек, жалпы балалар біздің болашағымыз. Оқу мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі сапалы білім беру болса, қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат – жан-жақты өзіндік ой-талғамы бар, өмір сүруге бейім, адамгершілігі жоғары бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Осы мақсатта ұйымдастырылған лагерь жұмысы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай олардың бойындағы сан қырлы қабілетті дамытады.

Previous Post

Созақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп пайдалануға беріледі

Next Post

Арыс қаласында облыстық «Балдәурен – 2024» жас әншілер байқауы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz