gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Арыс қаласында облыстық «Балдәурен – 2024» жас әншілер байқауы өтті

2 июня, 2024
in Білім
0
Арыс қаласында облыстық «Балдәурен – 2024» жас әншілер байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, дәстүрлі облыстық «БАЛДӘУРЕН – 2024» атты жас әншілер байқауы өтті. Қалалық мәдениет үйінде жалауын көтерген өнер бәйгесіне облысымыздың әр өңірінен келген 18 жас дарын қатысты. Байқаудың ұйымдастырылуына Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдау көрсетті.

Байқаудың ашылу салтанатында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова сөз сөйлеп, киелі Түркістан өңірінде домбыра ұстап ән салмайтын, күй күмбірлетпейтін бала жоқ екенін алға тартып, үміт­терін үкілеген өнерлі өрендерге сәттілік тіледі.

Байқаудың мақсаты – аудан-қала өнерпаздары арасында дарынды, әнге қабілеті бар жас балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдау, ұлттық өнерімізді қадірлеп, жас таланттарды анықтау, олардың үлкен байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.

Екі кезең бойынша өткен облыстық байқауға мәдениет және өнер саласының кәсіби мамандарынан құралған қазылар төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Сайрам ауданынан келген Нұрбек Нұрғалиға бұйырды. Ал Түркістан қаласынан келген Бағдәулет Елдос І орын, Ордабасы ауданынан Кәусар Алайдар және Түлкібас ауданынан Аңсар Әмірбек ІІ орын, Жетісай ауданынан Балсезім Қанжарбек пен жетісайлық Нұрқадір Жаңабай ІІІ орын иегері атанды.

Жүлдегерлерге қаржылай сертификаттар мен арнайы дипломдар табыс етілді.

Previous Post

Төлебиде балалар лагері ашылды

Next Post

Түркістанда балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz