gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістанда балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті

2 июня, 2024
in Білім
0
Түркістанда балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы әкімінің қолдауымен «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Балалық шағым – бал шағым» мерекелік шарасы өтті. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков балаларды мерекемен арнайы құттықтап, оларға балғын балалық шақ тіледі. Оқушылар сарайының директоры Индира Ипакова өз ізгі тілегін білдірді.

–Негізі бұл мерекенің тарихы Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференциядан басталады. Атауы да «Халықаралық Балаларды қорғау күні» деп тұруы бекер емес. Біз өз болашағымызды әділетсіздіктен, қорғансыздықтан қорғауымыз керек. Оларға еркіндікті, ұшқырлықты және барлық жақсы қасиеттерді құюуымыз керек. Осы орайда біз бүгін үлкендерді бала еңбегін бағалауға шақырып, баланың табыс табуына көмегімізді бергіміз келді. Сондықтан арнайы жәрмеңке ұйымдастырдық, – деді ол.

Қаланың кішкентай тұрғындарының басын қосқан бұл мекереке келген әр балаға алдымен аквагрим жасалып, мерекелік атмосфера орнады. Шара аясында ерекше балалардың қолөнерінен жәрмеңке өтіп, артынша цирк өнерін тамашалады. Одан соң Оқушылар сарайының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Балалар мерекені сезіну үшін барынша түрлі қызық ойындар, көңілді би және асфальтқа сурет салу кезеңдері болды.

Кеш соңында балалар ашық аспан астында «Өрмекші адам» фильмін тамашалап, демеушілер сыйлаған балмұздақтан дәм татты.

1950 жылдан бастап 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің елімізде балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспірімдеріміз аман болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған мақсат армандарына жетсін!

Previous Post

Арыс қаласында облыстық «Балдәурен – 2024» жас әншілер байқауы өтті

Next Post

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz