gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары

2 июня, 2024
in Қоғам
0
Зайырлы мемлекетте өмір сүрудің артықшылығы
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік саясаттың тағы бір өзекті де күрделі бағыттарының бірі – мемлекеттің дін саласындағы саясаты. Еліміздегі дін саласындағы саясатының негізгі бағыт бағдары зайырлылық қағидаттары, конфессияаралық және ұлтаралық келісім, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттің дін саласындағы саясаты жасақталып, ел игілігі үшін жұмыс атқарады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы 1-тармағында  өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп атап көрсетілген.

Конфессияаралық келісім – тәуелсіз еліміздің халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Қандай да бір мемлекеттің дамуы үшін қоғамда ішкі тұрақтылық қажет.

Мемлекеттің дін саласындағы келесі бер ең өзекті бағыты – экстремизм мен террорризмге қарсы күрес. Экстремизм, терроризм секілді теріс ұғымдарға қарсы үгіт-насихат, ақпарттық-түсіндіру, азаматтардың бойында табандылық пен патриотимзді дәріптеуді тоқтатпауымыз қажет.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм, терроризм мен кереғар ағымдардың алдын алу мақсатында 41 кездесу өтті. Кездесулер ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткізілді.

Қорытындылай келе, мемлекеттің дін саласындағы саясаты өте күрделі жүйелердің бірі. Сондықтан да еліміздің даму жолында зайырлылықтың алатын орны орасан зор. Елдік пен егемендіктің мүддесіне қарсы түрде әрекет ететін түрлі саяси және діни топтарға тойтарыс беріп, азаматтық позициямызды ұмытпауымыз қажет.

 Жайна Аринова,

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің инспекторы

Previous Post

Түркістанда балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті

Next Post

Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz