gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр

2 июня, 2024
in Білім
0
Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп»  құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге аудан «Жайлы мектеп» жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан мектеп ғимараттарының мән-жайымен танысты.

Сапар барысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында Дербісек елді мекеніндегі 900 орындық мектептің құрылдыс жұмыстарының барысын саралады. Қазіргі таңда, құрылыс нысанның бірінші қабаты толығымен аяқталып, екінші қабатына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар үшінші қабатының жабын плиталары құйылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарына 116 адам жұмылдырылған.

Одан соң облыс әкімінің орынбасарымен аудан басшысы Қызылжар ауылдық округіне барып, Жаскешу елді мекеніндегі 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде мектеп ғимаратының бірінші қабатына кірпіш қалау жұмыстары толығымен аяқталып, екніші қабатына кіріпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында Б.Оспанов көшесінің бойындағы 300 орындық және Телемұнара шағын ауданындағы 900 орындық білім ордаларының құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.

Бүгінгі таңда, Б.Оспанов көшесі бойындағы 300 орындық мектептің іргетасын құю жұмыстары толығымен аяқталып, екінші қабаттың жабын плитасын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, Телемұнара шағын ауданындағы 900 орындық мектеп ғимаратының Б және Г блоктарының іргетасын, жертөле қабырғалары құю жұмыстары толығымен аяқталып, В блогына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. Мектептердің жобалық қуаттылығы – 49 000 орын, 2024 жылы – 29 мектеп, 2025 жылы – 34 мектеп пайдалануға беріледі.

Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритм әзірленді. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымға қатысты мекеме өкілдері енгізілді. Жұмысшы топтың отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып жатыр. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынады. Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүріп жатыр.

Previous Post

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары

Next Post

Қазақстан Үкіметі құны $1,5 млрд болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz