gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Арыста балалар мерекесі кең көлемді аталып өтті

1 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Арыста балалар мерекесі кең көлемді аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі Арыс қаласында үш саябақта, және ерекше балаларға арналған орталықтарда ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті. Бұл күні қалада қоғамдық көліктер 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін қызмет көрсетті. Сондай-ақ демеушілер есебінен балалар қаладағы саябақтарда батуттар, аттракциондар мен карусельдерде тегін ойнады. Қалалық Мәдениет үйінде Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздардың қатысуымен «Балдәурен 2024» ән байқауы ұйымдастырылды.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова айтулы күнді арыстықтармен бірге ерекше түрде өзіндік сән-салтанатымен атап өтті. «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясы аясында өткен мереке ең алдымен Орталық Әл-Фараби алаңынан бастау алды. Мұнда мектеп қабырғасында оқитын өнерлі өрендер сахна төрінде өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мен бақытты баламын» атты сурет сайысы өтті. Ашық аспан астындағы алаңқайда салынған суреттерде балалар еліміздегі бейбітшілік пен достықты, қоғамдық келісім мен бақытты балалық шақты бейнеледі.

Кезекті мерекелік жиын орталық алаңдағы теміржолшылар саябағында жалғасты. Қала әкімдігі мен теміржолшылар кәсіподағы бірлесіп өткізген мерекеде өнерпаз балалар ән айтып, ойындар ойнап, шат-шадыман болды. Сондай ақ теміржол кәсіподағы 2000 балаға тегін балмұздақ таратты.

Бұл күні қыл қалам өнеріне бейім бүлдіршіндердің сурет көрмесі және спорттық эстафеталар да ұйымдастырылды.

«Бүгін ерекше күн болды. Балаларымыз қуанып қалды. Керемет көңіл-күй сыйлаған қала әкімдігіне, теміржолшыларға алғысымыз шексіз. Қаламыздың несібесі молайып, өркендей берсін деген тілек білдіреміз», – дейді мерекеге балаларын алып келген бір топ ата-ана.

Айтулы күнде жүлделі орын алған жеңімпаз балаларға қала әкімінің алғыс хаттары табысталып, марапатталды. Қалалық Мәдениет үйі өнерпаздары мен кәсіпкерлері балаларға балмұздақ пен тәтті сусындар таратып, қуаныш сыйлады.

Арыстықтар балалар мерекесін кезекті Сырдария ауданындағы С.Адамбеков атындағы саябақта өткізді. Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мерекені асыға күтетін бүлдіршіндер күннің аптап ыстығына қарамай саябаққа қарай ағылды.

Мұнда жергілікті мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер бірлесіп, арнайы балақайлар үшін алып ойын аттракционын алдырған. Сондай-ақ 500 балаға тегін балмұздақ таратып, мерекеге атсалысты. Ал мәдениет үйі және мектеп өнерпаздары жиналған көрермендерге концерттік бағдарламалар ұсынды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар мен түрлі қызықты ойындар ойнатылып, сайыс жеңімпаздары марапатталды.

Қала көлемінде өткен мерекелік шараларға арнайы қатысқан қала әкімі Гүлжан Құрманбекова орталық алаңда балалардың өнерін тамашалап, бүлдіршіндерге ақ тілегін арнады. Ынтымағы жарасқан аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, бүгінгі шараға ұйытқы болған теміржолшылар мен ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын жеткізді.

Одан бөлек, Айтулы мерекеге қарсаңында қалалық Ардагерлер үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған қала әкімінің қайырымдылық дастарханы жайылды.

Тағдырдың сынына мойымай, асқақ арманға қанат қаққан қаршадай балаларға арналған шарада шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін арнады.

Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Ерекше күтімдегі балалар ән айтып, би билеп өнерлерімен келушілерді тамсандырды.

Шара барысында, қаламыздың жаны жомарт кәсіпкерлері және Іскер әйелдер ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, тәттілар мен балмұздақ таратып оларды шексіз қуанышқа бөледі.

Сонымен қатар, мерекеге орай Арыста орналасқан «Danis» коррекциялық дамыту орталығында ерекше жағдайдағы балаларға арналған мерекелік кеш өтті.

Ерекше балаларды мерекемен құттықтауға қала әкімі және Шымкент қаласы әкімнің кеңесшісі, балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева арнайы қатысып, ізгі тілектерін жолдады.

Думанды шарада кішкентай көрермендер үшін дайындалған театрландырылған қойылымдар оларды ертегі еліне шақырды. Балалардың жүздеріне күлкі мен шаттық ұялап, ерекше балалар өз өнерлерін көрсетіп, мәре-сәре болды. Мерекелік кеште ерекше балалар мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге ән айтып, би билеп, көңіл көтерді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Арыс қаласы бойынша ерекше күтімді қажет ететін 159 бала бар. Оларға қалалық Жұмыспен қамту және Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан әлеуметтік қызметкерлер қарастырылған. Айтулы мерекеге орай барлық балаға 5 АЕК көлемінде қаржылай сыйақы аударылып беріледі.

 

Previous Post

Түркістанда Халықаралық балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті

Next Post

Түркістанда ерекше балаларға қуанышқа кенелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz