gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістанда ерекше балаларға қуанышқа кенелді

1 июня, 2024
in Білім
0
Түркістанда ерекше балаларға қуанышқа кенелді
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар 200-ге жуық балаға арнайы қоржындар табысталып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Түркістан қаласындағы  Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова және балалар мен ата-аналары қатысты.

Игі шарада қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы құттықтау тілегін арнап, жылы лебізін білдіріп, қала басшысының мерекелік қоржынын табыстады.

–Бала жүрегі ана деп, ана жүрегі бала деп соғады. Қазақ қашанда баланы болашағым деп біліп, тәрбиесіне аса мән берген. Ұлтымыздың мәңгі өмір сүруі де балаларымызға байланысты. Бүгінгі балаларды қорғау күнінің де еліміздегі бала құқығының әрқашан бірінші орында қорғалатынын көрсетеді, – деді  қала әкімінің орынбасары М. Қозыханұлы.

Мерекелік жиын барысында бүлдіршіндерге арнайы дайындалған сахналық қойылым қойып, театр өнерпаздары ертегі ұсынды.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова  шаһарда жалпы 1600 ерекше қажеттілігі бар бала тұратынын айтып, балаларға әлеуметтік көмектің барлық түрі көрсетілетінін жеткізді.  Одан бөлек, ай сайын «Мейірімді жүрек» акциясы ұйымдастырылып, балалардың қоғаммен байланысуын қамтамасыз ету шаралары жүйелі өткізіледі деседі.

Жалпы, Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл баршамызға балаларымызды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының, амандығының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күні олардың қажеттіліктеріне, құқықтары мен көңіл-күйіне ерекше назар аударылады. Балалардың қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада тәрбие алып, дамуына қолайлы ахуал құру үшін біз жауаптымыз.

 

Previous Post

Арыста балалар мерекесі кең көлемді аталып өтті

Next Post

Биыл Түркістан облысында 43 мектептің құрылыс жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz