Түркістан облысында білім саласындағы өзекті мәселелер шешіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, өңірдегі білім саласына баса көңіл бөлінген. Облыс орталығына айналған 5 жыл ішінде 100-ден астам жаңа мектеп салынды. Әлі де орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында қазір де мектептер салынып жатыр. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 100-ге жуық мектеп салынады. Оның ішінде «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы, Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен білім ошақтары ел игілігіне беріледі. Былтыр өңірде 20 мектеп пайдалануға берілді. Ал, биыл облыста 43 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 29-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы болса, қор есебінен 14 білім ордасы бой көтереді. Сондай-ақ, биыл 100-ден астам оқу орнының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 71 білім беру ұйымының жылыту жүйесі газға ауыстырылады. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады. Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс істейтін 41- басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан толық өтетін болады. Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында «М.Әуезов ат ОҚУ», «Әл-Фараби атындағы» қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, «Абай атындағы» қазақ ұлттық педагогикалық университеттеріне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылуда. Осы ретте, жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде Binom School мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.
Шағын мектептерді қоспағанда облыстағы 826 мектептің 2 201 арнайы пән кабинеттерімен қамтылған. Оның ішінде 1 256-сі жаңа модификацияланған пәндік кабинеттер, бұл көрсеткіш – 57%-ды құрайды (физика кабинеті – 444, химия кабинеті – 428, биология кабинеті – 359, STEM кабинеті – 25). Мектептерде 2023-2025 жылдар аралығында – 725 пәндік кабинеттерге деген қажеттілік бар (физика – 161, химия – 145, биология – 161, STEM – 161, робототехника – 97). 2024 жылы – 305 пәндік кабинет алу үшін облыстық бюджеттен 4 млрд. теңге қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы кабинет саны – 2506-ны құрап, көрсеткіш – 85,6%-ды құрайды деп жоспарлануда.
Цифрландыру бағытында биыл 1-6 сыныптар 100%, ал 2025 жылы 7-11 сыныптар 100% электронды оқулықпен қамтылады. Цифрландыруда Өңірдің ерекше атап өтер тұсы – орта білім беру жүйесі толықтай отандық электронды жүйеде жұмыс істеп, негізгі пәндер бойынша тегін 30 мыңнан асаинтерактивті сабақтарға, түлектерге арналған 100 мыңға жуық тегін тесттерге қол жеткізіп отыр. Яғни, алдағы екі жыл ішінде мектептерді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту жұмысын аяқтап, облыстың орта білім беру жүйесін 100% цифрландыру процесінен өткізетін болады.
Облыста 50 колледжде 41 270 студент білім алуда (мемлекеттікте – 23 713 , жекеменшікте – 17 557). Жалпы мемлекеттік тапсырыс аясында білім алушылар саны – 29 102 студент. Осы оқу жылына бөлінген 15 344 орын толық игерілді. Студенттердің сабаққа қатысу бойынша, мониторинг жұмысын автоматтандыру мақсатында басқармаға қарасты 25 мемлекеттік колледж өз қаржаты есебінен білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID ақпараттық жүйесінорнатылды. Нәтижесінде 2024 жылды FACE ID ақпараттық жүйесі басқармамен интеграцияланып толық автоматтандырылды.
Облыста балаларды қорғау, әлеуметтік қолдау мақсатында нақты шаралар қабылданды. Балалар қауіпсіздігі бойынша мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамералар орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Мемлекеттік 938 білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. Оның ішінде 909 – мектеп, 25 – колледж; 4 – балалар ауылы мен жасөспірімдер үйі бар. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс бала саны 300-ден жоғары болса, 573 білім беру ұйымдары толық лицензияланған күзет қызметіне өтті. Облыстағы 179 білім беру ұйымының 102 шақырым қоршауы жаңғыртылды. Мектеп алды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылуда.
Облыстағы бастауыш сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оған облыстық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаржы қаралды. Биылғы жылы асханасы жоқ 90 мектепте оқушыны тамақтандыру мәселесі жақын орналасқан асханасы бар мектептер арқылы шешілді. Сонымен қатар, ол мектептерге модульдік асхана орнату қарастырылды. Қазіргі таңда, облыста 20 мектеп-интернаттағы тамақтандыру мәселесі мемлекеттік-жекешілік әріптесік шеңберінде оң жолға қойып, асханалардың материалдық-техникалық базасы нығайды. Тамақ сапасы артып, оқушылар мен ата-аналар тарапы разылығын білдіруде. Осы 20 интернаттың ата-аналары өз баласының күнделікті тамақтануын онлайн режимде қашықтан қадағалауға мүмкіндік алды. Бұл үлкен жетістік. Қосымша тағы да мемлекеттік-жекешілік әріптесік жобасы арқылы 18 мектеп-интернаттың мәселесі шешілді. Бұдан өзге қазіргі таңда жаңа 2024-2025 оқу жылына облыс көлемінде МЖӘ аясында 58 жоба дайындалып, кәсіпкерлерге 10 жылға дейінгі мерзімде жалға беруге ұсыну жоспарлануда, бұл өз кезегінде өңірдегі асханасы жоқ 70 мектептің және 45 жаңғыртуды талап ететін мектеп асханаларын қоса алғандағы мәселенің шешімін табады деп күтілуде.
Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады. Оның ішінде мектебі жоқ 56 елді мекеннен – 6696, мектептерде жоғары сыныптары жоқ 124 елді мекеннен – 8529 бала бар. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 заманауи автобустар алынды. Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 (оның ішінде: жаңа – 101, бұрынғы – 19 автобус) және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылды.
Балаларға қатысты орын алатын суицидтік фактілерінің 64%-ы ата-анаға, 20%-ыпсихологиялық қысымдарға, 16%-ы қарым-қатынастың бұзылуына байланысты орын алады. Қауіпті жағдайға ұшыраудың жолын кесу бағытында 2023 жылы «Бестерек» жобасы енгізіліп, оған облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлінді. 2024 жылы бұл бағытта екі жоба дайындалып, оған 111 млн. теңге қаралды. Олар буллинг, кибербуллинг, деструктивті мінез-құлық, лудомания және кәмелетке толмағандарға арналған отбасылық терапия бағыты, өгей әкелермен жұмыс, отбасы мүшелері үшін отбасылық терапия жобасы.