gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Келесте «Алтын балалық шақ» онкүндігі басталды

1 июня, 2024
in Білім
0
Келесте «Алтын балалық шақ» онкүндігі басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Алтын балалық шақ» онкүндігі басталды. «Алтын балалық шақ» декадасы 1-10 маусым аралығында өскелең ұрпақтың рухани және физикалық дамуына жәрдемдесуде қоғамның тұрақты назарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады. Онкүндікте балаларға шаралар жоспарланған.  Бағдарламада спорттық іс-шаралар, мәдени іс-шаралар, жарыстар мен ойындар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Осы ретте аудандағы «Жеңіс» саябағында Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлының қамқорлық жасауға, оларды қорғауға және қолдауға бағытталған түрлі іс- қатысуымен мерекелік жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

– Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып келеді. Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша, мектеп және оның өскен ортасы. Жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыз жарқын, аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңыздар демекпін, – деді аудан әкімі.

Мерекелік шара барысында балаларға тегін балмұздақ, сусындар таратылып, түрлі кейіпкерлер бейнесіндегі аниматорлар өнер көрсетті. Өнерлі бүлдіршіндер өз мүмкіндіктерін паш етіп, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары балалар концертін ұйымдастырды.

Сондай-ақ онкүндік аясында балалар құқығын қорғау, балалар зорлық-зомбылығы мен қатыгездіктің алдын алу бойынша танымдық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Осы кезеңдегі іс-шаралардың маңызды аспектісі балалар мен олардың ата-аналары арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. «Алтын балалық шақ» онкүндігінің мақсаты – қоғамның назарын балалардың проблемаларына аудару және әрбір баланың қолайлы және толыққанды дамуына жағдай жасау. Балалар қоғамымыздың болашағы екенін есте ұстаған жөн, оларға қамқорлық жасау әрқайсымыздың басты міндетіміз болуы керек.

Одан бөлек, мереке қарсаңында аудандағы  бірқатар балабақшаларда мультфильм кейіпкерлері бейнесіндегі аниматорлар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Келес ауданы білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ауданда білім алатын оқушылардың алғашқы легі  жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді. 50 оқушы Шымкент қаласы, Маятас ауылында орналасқан «Гавая» сауықтыру лагерінде демалады.

«Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен ұйымдастырылып отырған жазғы сауықтыру лагерінде спорт алаңдары, балаларды дамыту орталықтары жұмыс істеп, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Previous Post

Биыл Түркістан облысында 43 мектептің құрылыс жүргізілуде

Next Post

Ордабасыда балалар мерекесіне сән-салтанатымен аталып өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz