Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаеваның ұйымдастыруымен аудан орталығындағы саябақта «Алтын балалық шақ» декадасы аясында «Балаларды махаббатпен қорғайық» ұранымен балалардың игілігіне арналған кең көлемді «Бақытты балалық шақ» іс-шарасы өтті. Іс-шараға аудан әкімдігі, мәслихат депутаттары, балалар, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, ата-аналар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шараларға балалардың өзі негізгі қатысушыларына айналды.
«Өнерлі қолдар» айдарымен АРТ технологиясы, саз балшықтан бұйымдар жасау бойынша балалар сазбалшықтан жасаған жұмыстары мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан көрме ұйымдастырды.
Сонымен қатар, өздері сазбалшықтан бұйымдар жасап көрсетті. Республика көлемінде жетістігі бар оқушылардың жұмыстары бойынша ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар жұмыстарын талдап көрсетіп түсіндірді. Көпшілік назарын жоғары технология саласына аудару мақсатында оқушылар өздерінің робототехника бойынша нәтижелі жұмыстарынан тәжірибе көрсетті. «Қылқалам шеберлері» суретшілер көрмесінде оқушылар үздік шығармаларын салып көпшілікке ұсынды. Оқушылар қаламынан шыққан бейнелер өнерді сүйіп, бағалаушылардың қызығушылығын тудырып, тәнті етті. Белсенді өмір салтын сақтау үшін таза ауада спорттық шаралар мен ойындар ұйымдастырылды. Спорттық іс шаралар бойынша, ұлттық ойындар өткізілді. Жеңіл атлетикадан эстафеталар, балабақша тәрбиеленушілері арасында велосипед жарыстары өткізілді. «Әншуақ» балалар әндерінің концерттерінде үздік өнер көрсеткен оқушылардың қатысуымен дала сахнасында
«Біз бақытты баламыз» мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Саябақта ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларға аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің атынан «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар тапсырылды. Өтілген барлық іс-шаралар логикалық түрде өзара байланысып, балаларға шын мәнінде мерекелік көңіл-күй сыйлады.