gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында білім сапасын көтеру мәселесі қалай шешілуде?

3 июня, 2024
in Білім, Билік
0
Түркістанда «Мен үлгі тұтатын адал адам» бірыңғай сағаты өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында білім сапасын көтеру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен Түркістан облысының 2024-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасы қабылданды. Сонымен қатар, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын Түркістан облысында іске асырудың жол картасы әзірленді. Түркістан облысының білім жүйесін дамыту 3 бағытта жүргізілетін болады. Атап өтсек,  балабақша – жайлылық пен даму аумағы,  әр мектеп – ең жақсы мектеп, ТжКБб (колледж) – жұмысшы кадрларды даярлаудың негізгі буыны.

Балабақша – жайлылық пен даму аумағы бойынша  облыстағы 1421 балабақшада 156 мың орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Оның ішінде 263 мемлекеттік, 49 шағын орталық, 1109 жекеменшік.   Тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында балабақшаға қамтылмаған әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары мен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көңіл бөлінуде. Осы ретте, облыста 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс орналастыру турлы қағидаға сәйкес мемлекеттік тапсырыс орналастыруға 2 рет конкурс жарияланды. 2023 жылғы 4 қазанда облыс әкімдігінің №218 қаулысымен 150 267 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Қағидаға сәйкес мемлекеттік тапсырыс орналастырылған балабақшаларға жылына бір рет мониторинг жүргізіледі.

Балабақша педагогтер мен тәрбиешілердің кәсіби дамуын тереңдете түсу мақсатында өңірде 6 жетекші орталық пен 26 консультациялық пункт құрылып, өзге балабақшаларға тәжірибесін бөлісуде. 2024 жылы балабақшадағы 800 педагог, 2025 жылы 1000 педагог біліктілік курстарынан өтеді. Сонымен қатар, балабақша жүйесін сатылай цифрлы жүйеге өткізіп, сапа мен баланың келіп-кетуінің электронды қадағалау ендіріледі.

Түркістан облысындағы ауылдық жердегі білім сапасын көтеру мақсатында    2024-2025 жылдары 10 педагогикалық шеберлік арттыру орталығы, 10 жетекші мектеп, ал тағы 5 ауданда «Мобильді мұғалім» жобасы іске қосылатын болады. Сонымен қатар, жақында Жапон еліне барып, тәжірибе жинақтап келген өңір ұстаздары мен әдіскерлері «Lesson study» әдісін сатылап енгізуді және «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім алуын қамтамасыз етуде еліміздегі іргелі жоғары оқу орындары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ясауи атындағы ХҚТУ мен  меморандум түзілді.   Жалпылама емес, нақты мақсатты жұмыс жүргізу бүгінгі мобильді қоғамның басты талабы. Осыны ескере, жыл сайын оқу жылының соңында білім деңгейі ең төмен 100 мектепті электронды журнал арқылы анықтап, тек сол 100 білім беру ұйымына арналған мақсатты жұмыс жоспары әзірленеді. Тиісті қаржысын қаралып, әдістемелік және менеджментік көмек ұйымдастырылатын болады. Осы аталған жұмыстар алдағы уақытта өңірдің білім сапасына оң нәтиже беретін болады деп күтілуде.  Оқушыларға профориентация бағытында «Bolashaq» Халықаралық бағдарламалар орталығы акционерлік қоғамы және Жоғарғы оқу орындарымен меморандум түзіліп, жүйелі кеңес беру менторлық жұмысы жолға қойылып отыр.

Түркістан облысында жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы білім алады.Соның ішінде 912-мемлекеттік мектепте – 482 722 оқушы, 140-жекеменшік мектепте – 36 057 оқушы бар. 2023-2024 оқу жылында 32306 оқушы 11-сыныпты бітірді. Облыстағы түлектердің  1727- «Алтын белгіге» үміткер болса,  2466 оқушы жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестат» иегері атанбақ.  Ал  9-сыныпты 45416 оқушы бітіреді деп күтілуде, оның ішінде – негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» — 4540 үміткерлер. ҰБТ-ге 27 340 оқушы қатысады.

Previous Post

Түркістан облысында осы жылдың тамыз айына дейін 15 мектеп ел игілігіне тапсырылады

Next Post

Түркістандық оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz