gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістандық оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады

3 июня, 2024
in Білім
0
Түркістандық оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Кентау қаласының оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары 138 баллды жинады. Бұл көрсеткіш әзірге, еліміз бойынша ең жоғары нәтиже!

Қожанов Айдос Хайруллаұлы – 10 жыл бойы № 16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде білім алған.  Ал 11 сыныпты «Грант» жекеменшік мектебінде тәмамдаған.

Кентаулық түлек Айдос болашақта математика пәнінің мұғалім болғысы келеді. Қазір осы бағытта көп оқып, ізденіп жүр. Мәселен, қалалық, облыстық жарыстарға да қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Ұстаздары мен ата-анасы да дарынды оқушының болашағынан үлкен үміт күтіп, мақтан етеді.

 Мектеп директорының айтуынша, Айдос  «Жыл бойы мектептің байқау сынақтарында І орынды бермей келген.

Айта кетсек, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і — «Алтын белгі» белгіге, 2 466 оқушы — «Үздік аттестатқа» үміткер.

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 71 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 71% – ы қазақ тілінде, 29% – ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Естеріңізге сала кетсек, күн сайын ҰБТ екі лекте өткізіледі. Статистикаға сәйкес, таңғы лекте ҰБТ тапсырушылардың орташа балы түстен кейінгі лекте тапсыратын талапкерлерден жоғары. Қазіргі уақытта айырмашылық 5 балды құрайды: сәйкесінше 69 және 64 балл.

Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптаның ішінде 266 талапкер қатысты. Бүгінгі таңда 126 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 94 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесеережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Previous Post

Түркістан облысында білім сапасын көтеру мәселесі қалай шешілуде?

Next Post

Ордабасыда жазғы лагерлердің ашылу салтанаты өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz