gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Ордабасыда жазғы лагерлердің ашылу салтанаты өтті

3 июня, 2024
in Білім
0
Ордабасыда жазғы лагерлердің ашылу салтанаты өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданындағы 64 жалпы білім беру ұйымдарында 2024 жылдың 30 мамыр күні «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» атты тақырыбында мектеп жанындағы жазғы лагердің ашылу салтанаты  өткізілді.  2024 жылдың 27 мамыр мен 28 маусым аралығында аралығында 1-4-сынып оқушылары үшін, 64 жалпы орта мектепте, жалпы 13188 оқушы мектеп жанындағы лагерлерде демалдырылады. Асханасы талапқай сай 30 мектепте ата-аналар мен демеушілердің есебінен бір мезгіл тамақ ұйымдастырылып,  5000 оқушы қамтылады.

Мектеп жанындағы күндік лагерлердің негізгі мақсаты –  лагерге келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту әрі Отансүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Ашылуына ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, қала сыртындағы лагерлердің директорлары мен ата-аналар қатысты.

Салтанатты жиын қонақтары ашылу рәсіміне дейін балалардың қыштан түрлі бұйымдар жасау мастер-класстарын, мектептен тыс мекемелердің бүлдіршіндері салып жатқан суреттерді тамашалап, қолөнер көрмелерімен танысты.Бүлдіршіндердің әуелеткен әнімен, қобызшылардың күмбірлеген күйімен жалғасын тапқан жиында ата-аналар  алғысын білдірді.

Салтанатты жиын соңында қонақтар орталықпен танысты.

Сонымен қатар, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «QH Жаздық жолдама – 2024» қайырымдылық жобасы бойынша Ордабасы ауданынан 5-8-сынып аралығынан 50 оқушы, Шымкент қаласы, Маятас ауылында орналасқан «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне демалуға жіберілді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған қайырымдылық шарасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын 5-8-сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің өз денсаулықтарына жауапкершілігін нығайту, салауатты өмір дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Ауылдық жерлердегі оқушылардың жазғы лагерьлерде білім алуы мен мәдени дамуын қамтамасыз ету.

 

Previous Post

Түркістандық оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады

Next Post

Сарыағашта жазғы сауықтыру орталығының дайындықтары пысықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz