Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі, Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» балаларды жазғы сауықтыру орталығына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, дайындық жұмыстарын пысықтады.
2024 оқу жылы 5 маусымынан бастап 23 тамызға дейін 7 ауысымды қамтамасыз етеді. Бір ауысымның ұзақтығы – 10 күн. Күніне бес мезгіл тамақтандырылады.
І ауысым 05.06 – 14.06.2024ж.
ІІ ауысым 17.06 – 26.06.2024ж.
ІІІ ауысым 28.06 – 07.07.2024ж.
ІV ауысым 10.07 – 19.07.2024ж.
V ауысым 21.07 – 30.07.2024ж.
VІ ауысым 02.08 – 11.08.2024ж.
VІІ ауысым 14.08 – 23.08.2024ж.
«Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығында 2 қабатты төрт жататын ғимарат, сыйымдылығы 200 бала тамақтанатын асхана, фельдшерлік пункт, бір футбол алаңы, бір волейбол алаңы, бір баскетбол алаңы, балалар шомылатын бассейн, кір жуатын бөлме және де балалар жуынатын бөлмелермен жабдықталған. Аталған балалардың жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасында 2024 жылы 2100 бала қамтылады деп жоспарлануда. Атап өтсек, оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасынан 1160, көпбалалы отбасынан 800, тұл жетім 40, жартылай жетім 50, үздік 150 оқушылар қамтылмақ. «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балаларды жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасында бейнебақылау камералары орнатылған. Мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық және денсаулық сақтау шараларымен қамтамасыз етілген.
Балалар лагерде демалу кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында Сарыағаш ауданының білім бөлімі жанынан арнайы штаб құрылып, учаскелік полиция қызметкерлері лагер аумағына, әжетхаларға 24 сағат кезекшілік ұйымдастырып, күнделікті арнайы құрылған WhatsApp желісі арқылы штабқа видео және фото есептер ұсынылатын болды. Жазғы сауықтыру базасында медициналық қызметкерлермен қамтылып, медициналық кабинет жабдықталып, қажетті барлық алғашқы көмек көрсету дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.