gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында 10 жаңа мамандық ашылады

4 июня, 2024
in Білім
0
Түркістан облысында «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында 10 жаңа мамандық ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Колледждерде білім сапасын көтеру жұмыстары қарқынды. Гранттар толық игерілген. «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында, 2024-2025 жылдары еңбек нарығының сұранысына сәйкес 10 жаңа мамандық ашылатын болады. Ол үшін өңірге қажетті жаңа кәсіптердің атласы қайта жасақталуда. Сонымен қатар, колледждер үшін мемлекеттік тапсырыстар көлемі жыл сайын 10%-ға артатын болады. Оның ішінде жұмыс берушілердің жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін мақсатты мемлекеттік тапсырыс орындарының саны артады. Өңірдің ерекшеліктеріне сәйкес ТжКБб ұйымдарына микробіліктілік мамандықтарын ендіру қолға алынуда. «Табысты колледж» жобасы аясында үздік колледждердің тәжірибесі менторлық жүйе арқылы тиісті колледждерге таратылып, әдістемелік көмек көрсетілетін болады. Халықаралық талаптарға сәйкес құзіреттілік орталықтар ашылады. Ол үшін колледждер шет елдік оқу орындармен келіссөздер жүргізіп, өз мамандарын Өзбекстан, Түркия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде арнайы оқытудан өткізсе, 2024-2025 жылдары колледж қызметкерлері Қытай, Түркия, Германия және АҚШ-ына іс-тәжірибе алмасуға жіберіледі. Сонымен қатар, Қазақстандағы Германия елшілігімен бірге неміс тілін вариатив сағат есебінен пилотты оқытып, Германияның колледждерінде тегін білім алуға ортақ жоспарлар әзірленуде. Сондай-ақ, 2024-2025 жылдары облыстағы Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық және Кентау көпсалалы колледждерініңбазасында шағын кәсіпкерлік субъектілерін ашу жоспары қабылданды. Студенттерге кәсіпкерлік дағдыларын үйрету мақсатында 4 колледждің базасында «Business Startup» орталықтары құрылуда.

Previous Post

Ынтымақ түбі – береке

Next Post

Сарыағашта жаңа білім ұялары көбеюде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz