gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сарыағашта жаңа білім ұялары көбеюде

4 июня, 2024
in Білім
0
Сарыағашта жаңа білім ұялары көбеюде
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданында 900 орындық жаңа мектептің ғимараты ашылды.  Қазіргі таңда  мектепте 1362 оқушы білім алуда. Ол 3 ауысымда білім алатын Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданында орналасқан №60 жалпы білім беретін мектебі КММ-нің оқушыларын 2 аусымға өтуге септігін тигізді.

Одан бөлек, кәсіпкерлер тарапынан Сарығаш қаласында 160 орындық  жалпы орта білім беретін мектеп-интернат, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Төңкеріс елдімекенінде 172 орындық бастауыш мектеп, Құрама елді мекенінде 115 орындық жалпы орта білім беретін мектеп, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округі, Қапланбек елді мекенінде 264 орындық ғимараты пайдалануға берілді.

Сонымен қатар,  Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты өткен  жылы 5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.  Атап айтқанда, №75 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі,  №16 Панфилов атындағы №13 Мәңгілік ел атындағы мектебі,  №36 Тоқмұхамедов атындағы мектебі, №8 Айни атындағы мектебі.

Бұдан басқа, аудандағы мектеп құрылысына тоқтала кететін болсақ,  2023 жылы Нұрлы жол елді мекеніндегі №50 Б.Омаров атындағы жалпы орта мектебінің 300 орындық оқу ғимаратының құрылысы жүргізіліп, 2023 жылдың 14 желтоқсанында ел игілігіне берілді.

2023 жылы Сарысу елді мекеніндегі №40 Әбдіров атындағы негізгі орта мектебінің 200 орындық оқу ғимаратының құрлысы жүргізілуде, Биылғы жылдың желтоқсан айының соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ мектептертің қауіпсіздігіне орай, 78 мектепке қауіпсіздік түймешелері орнатылып, 85 бейнебақылау камералары қойылды. 18 мектептің қоршауларына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ерекше атап өтетіні, биыл аудандағы 18 мектеп табиғи газбен қамтылып, жылу мәселесі жүйелі жүргізіліп келеді.

Ауданда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 10 нысанның құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда ауданда 4 жайлы мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Атап өтсек, Сарыағаш қаласы Б.Оспанов көшесінен 300 оқушы орындық жайлы мектеп құрылысы (2023 жылы басталып 2024 жылы пайдалануға беріледі). Дербісек ауылынан  900 орындық жайлы мектеп құрылысы (2023 ылы бастаплып 2024 жылы пайдалануға беріледі). Жаскешу ауылынан 900 орындық жайлы мектеп құрылысы (2023 жылы басталып 2024 жылы пайдалануға беріледі).  Сарыағаш қаласы, Телемұнара мөлтек ауданынан 900 орындық жайлы мектеп құрылысы басталды.

Сарыағаш ауданында 0-18 жас аралығындағы балалар саны 86 667-ні құрайды.  Бүгінгі таңда 209 балабақшада (оның 14-і мемлекеттік,  195- і жекеменшік)   24 817 бала тәрбиеленуде. Аудан аумағындағы 96 мектепте 61 850 оқушы білім алуда. Оның ішінде  78-і мемлекеттік,  18-і жекеменшік.

Ағымдағы оқу жылында  19 елді мекеннен 2742 бала мектепке тасымалдануда. Соның ішінде, мектебі жоқ 14 елді мекеннен – 1305, мектепте жоғары сыныптары жоқ  3 елді мекеннен – 156 бала,  одан бөлек халықаралық үлкен тас жолдың келесі бетінен 365 оқушы, теміржол өткелі жоқ өңірден 102 оқушы тасмалданады. Сондай-ақ, Сарыағаш қаласындағы 1 мектепте құрылыс жұмыстары  жүруіне орай 814 бала тасымалдануда.

Балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін  облыстық білім басқармасы тарапынан өткен  жылы барлық тасымалдау талаптары сақталған 10 жаңа мектеп автобусы  берілді.

Бұдан басқа,  мектеп оқушылары арасындағы пән олимпиадасына 65 оқушы қатысып, 37 оқушы жеңімпаз болды.

Оқушылар арасындағы ғылыми жоба конкурстарына ауданнан 18 оқушы қатысып, 13 оқушы жүлдегер атанды. Республикалық кезеңге өткен 3 оқушының 3-уіде жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, мұғалімдер арасындағы облыстық пән олимпиадалар мен байқауларға және спорттық сайыстарға аудан ұстаздары белсене қатысып, 72 педагог  жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында 5874 оқушы мектеп табалдырығын аттады. Биылғы оқу жылында 3296 оқушы мектеп бітірді. Олардың 2670 Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысқалы отыр.  Оның ішінде «Алтын белгіге» – 172 оқушы, «Үздік аттестатқа»  – 242 оқушы үміткер.

Previous Post

Түркістан облысында «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында 10 жаңа мамандық ашылады

Next Post

Сауран ауданындағы білім ошағы республикадағы үздік 100 мектептің қатарына енді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz