gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сауран ауданындағы білім ошағы республикадағы үздік 100 мектептің қатарына енді

4 июня, 2024
in Білім
0
Сауран ауданындағы білім ошағы республикадағы үздік 100 мектептің қатарына енді
Share on FacebookShare on Twitter

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы қорытындыланып, еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингісі жасалды. Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 590 мектеп бақ сынады.

Олимпиада қорытындысы бойынша Сауран ауданы білім бөліміне қарасты №1 жалпы білім беретін мектебі 100 үздік олимпиадалық мектеп қатарына енді.

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты №1 жалпы білім беретін мектеп 2022 жылы 31 наурызда 444 оқушымен өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда мектепте 560 оқушы білім алуда. Білім ордасында шығармашыл, заманауи, білімді, еңбекқор мұғалімдері оқушыларды өз білімдері мен сусындатып келеді. Мектеп жаңа әрі жас болғанына қарамастан мектеп бітірушілері қорытынды емтихандар нәтижесінде жоғары дәреже көрсетіп, жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанып келеді.

Мектеп базасы заманауи құралдармен жабдықталған. Онда  түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар білім беру сапасын арттыру, білім беру ісін жаңа бағытта дамыту мақсатында инновациялық жобалар да өз нәтижесін беруде.

Бұл мектептің тағы бір ерекшелігі әрбір дарынды оқушының дамуы үшін қолайлы орта құру мақсатында олимпиада резервін дайындау жұмысы жолға қойылған. Нәтижесінде, 2022-2023 оқу жылында 3 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі орын иегерлері атанса, 1 оқушысы – Гузал Исмаилова қазақ тілі және әдебиеті пәнінен республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.

2023-2024 оқу жылында 6 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлдегелері атанса, 1 оқушы – Дилафруз Низамова қазақ тілі және әдебиеті пәнінен республикалық кезеніңе қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Айта кетейік, 100 үздік мектеп қатарына ену мектеп директоры Хамида Чалданованың қажырлы еңбегінің, мектеп мұғалімдерін және шәкірттерін жұмылдыра білген ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілетінің  жемісі.

Previous Post

Сарыағашта жаңа білім ұялары көбеюде

Next Post

Зайырлылық ұғымының әлем елдеріндегі көрінісі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz