Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. Бүгінгі таңда, Қазығұрт ауданында 78 білім мекемесі жұмыс істейді. Оның 71-і мемлекеттік, 4-уі жекеменшік, 2-і дарын және 1-і интернат. Одан бөлек 2 қосымша білім беру ұйымы, 83 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Бұл білім ошақтарында 31 937 оқушы білім алуда.
Қазығұрт ауданындағы білім бөліміне қарасты 71 мектепте 28412 оқушы, мектепалды даярлықпен қоса есептегенде 30 501 оқушы білім алуда. Биыл 1832 оқушы 11-сыныпты аяқтады. Ұлттық біріңғай тестілеуден өтуге 1456 оқушы өтініш білдірген. 2024 жылы 1832 оқушының 90-ы (2023 жылы 56 оқушы) «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. 2024 жылы 1832 оқушының 127-і (2023 жылы 127 оқушы) «Үздік аттестат» үміткер.
Ұлттық білім беру деректер қорының аналитикалық есебі бойынша 5404 педагог бар. Оның ішінде, 920 педагог мектепке дейінгі білім беру ұйымында,4368 орта білім беру ұйымында, 122 педагог 2 қосымша білім беру ұйымында жұмыс атқарады. 2023 жылдың қорытындысымен «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша бала саны 700-ден асатын 11 мектепке турникеттер орнатылды. 70 мемлекеттік орта білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды, 39 білім беру ұйымдары лицензияланған күзет қызметіне өтті. 70 мемлекетік орта білім беру мекемелеріне жаңа бейнекамералармен қамтылды. 18 білім беру ұйымдарына қоршау орнатылды.
Жаңа ғимарат пайдалануға берілген мектептер компьютерлермен толықтырылып, интернет желісіне 100 пайыз қосылу мүмкіндігіне ие болды. Алдағы уақытта заман талабына сай альтернативті оқулықтар ретінде «электронды оқулықтар» кеңінен пайдалану жоспарлануда. Интернет желісі арқылы «On-line» режимі арқылы сабақтар өту, озық педагог мамандардың іс-тәжірибелерін тарату қолға алынып жатыр.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарына келсек, Тіл дамыту – қазіргі оқытудың басты мәселесі. Тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетін жетілдіруде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Ауданда әр мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастырып, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі көркем сөздің осы сияқты ерекшеліктерін оқушыларды тіл мәдениетіне үйретіп жетілдірудің мықты құралы ете білу басты назарда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы бойынша «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы бекітілді. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы 5 тапсырмадан, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады. Жоба ҚР-ның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқу орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер қарастырылған. Жобаның басты мақсаты – барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған. Осы жобаны іске асыру мақсатында ауданның білім бөлімінің іс-шаралар жоспары бекітіліп, біршама жұмыстар атқарылды. Бірінші міндет – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.
Қазығұрт ауданында 76 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Олардың 2-уі мемлекеттік болса, 11-і сенімгерлік басқаруға берілген, 63 жекеменшік балабақшалар. Мемлекеттік балабақшаларда – 1910 бала, жекеменшік балабақшаларда 7824 бала тәрбиеленеді. Ауданда 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 100 пайызды құрады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіті туралы ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысына сәйкес, аудандық білім бөлімінің 20.10.2023 жылғы №271 бұйрығымен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ғылыми негіздеу және қолдау мақсатында «Балаларды ерте дамыту мәселелері жөніндегі мобильді топ құрылды. Мобильді топ мүшелері бағыттар бойынга жұмыс жоспарын жасап, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздей отырып, барлық білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп, Оқуға құштар ұлт» атты тақырыпта кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Кітапханаға кітап сыйла!» қайырымдылық акциясы барлық кітапханаларда ұйымдастырылып, 2135 дана көркем әдебиеттер сыйға тартылды.
Білім беру ұйымдарындағы пән кабинеттерінің стандартқа сәйкес жабдықталуда. Мәселен, 2023 жылдың соңында химия кабинеті – 3 мектепке (Жамбыл ат.жббм, Қызылтаң жббм, А.С.Макаренко ат.жббм), биология кабинеті – 4 мектепке (О.Жандосов, Абай (Ш), Абай (Ж) ат.жббм), физика кабинеті– 4 мектепке (Жаңатірлік жббм, Қызылдала жббм, С.Сейфуллин ат жббм, Елшібек батыр ат.м/л), СТЕМ кабинеті -4 мектепке (Қ.Абдалиев ат.жббм, Ш.Қалдаяқов ат.жббм, Қ.Тұрсынқұлов ат. м/г, Т.Рысқұлов ат. м/л) берілді. Биылғы жылға физика кабинеті –4, химия кабинеті – 4, биология кабинеті – 4, СТЕМ кабинеті – 4, Робототехника кабинеті – 4 мектепке алу жоспарланды.
Оқушылардың шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бойынша 2023-2024 оқу жылында оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру және білімге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ауданда түрлі бағыттарда сайыстар, байқаулар және пәндер бойынша олимпиадалар ұйымдастырылып, оған 7000-ға жуық оқушы қатысты. Оның ішінде 912-і облыстық кезеңге жолдама алды, сол байқаулардың облыстық кезеңінен 400-ге жуық оқушы жеңімпаздар қатарынан көріне білді. Аудан оқушылары облыстан бөлек, республикалық кезең бойынша да көптеген байқауларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Педагог кәсібінің қоғамдағы орнын (имиджін) жүйелі түрде арттыру мақсатында ұстаздар арасында да пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысы жүйелі ұйымдастырылуда.
Екі қосымша білім беру мекемесінде 2717 оқушы, мектептердегі ақысыз үйірмелерге 18505 оқушы қамтылған. Жалпы аудан бойынша 21224 оқушы ақылы және ақысыз үйірмелерге қамтылған.
PISA халықарарлық зерттеуіне дайындық жұмыстарын күшейтуге байланысты іс-шаралар да жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Әрбір білім беру ұйымынды оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша дайындық кестесі бекітіліп, пән мұғалімдері дайындық жасайды. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында түрлі практикалық және оқу семинарлары өтілді.
Ауданның әдістемелік кабинеті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумын жүзеге асыру барысында ауданда 19 жетекші мектеп пен 59 серіктес мектеп өз деңгейінде жұмыс атқарды.15 аудандық семинарлар өткізілді. Желілік қоғамдастық бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
Жас мамандардың педагог мәртебесін арттыру, қолдау, педагогикалық шеберліктерін арттыру, әдіс алмасуын жетілдіру аясында жоспарлы түрде байқаулар, семинарлар, тренингтер, форумдар өтілді. Атап айтсақ, өткен 2023-2024 оқу жылында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында жас мамандар байқауы өтіп, оған 25 мұғалім қатысып бақ сынасты.
2023 жылғы 1 қарашада облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жас педагогтер форумы өтті. Оған ауданнан 12 мұғалім қатысты.