gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Төлеби ауданында балалар лагері ашылды

31 мая, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Төлеби ауданында балалар лагері ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Төлебиде балалар лагері ашылды. Тау байрайындағы лагерь жазғы маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды. Қасқасу елді мекеніндегі «Көктөбе» балалар лагерінің жұмысымен облыс әкімі Дархан Сатыбалды танысты. Алатаудың етегінде, өзеннің бойында орын тепкен лагерьге бір мезгілде 250 бала демалады. Оқушылар 10 күн демалады. Демалыс орнына келетін балалар тобы жас ерекшеліктеріне байланысты жинақталады.

Жоба құны 513 млн теңгені құрайтын лагерьді жеке кәсіпкер Ержан Сәлімбаев ашып, балалардың  тынығуына барлық мүмкіндіктер жасаған.

–Жас ұрпақтың бойындағы туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында ашқан лагерімізде балалар  үшін барлық жағдайды жасауға тырыстық. Ыңғайлы жатын орындары, арнайы жабдықталған алаңдар бар. Жатын орыны таудың құбылмалы ауа райына бейімделген. Оған қоса, әр бөлмеде өзінің жеке жуынатын бөлмесі қарастырылған, – деді жеке кәсіпкер.

Лагерьде балалар үшін танымдық сабақтар, спорттық жарыстар, командалық ойындар, тауға серуендеу  ұйымдастырылады. Сондай-ақ, арнайы бассейн, өзен суына шомылған балалар үшін көңілді кештер, интеллектуалдық сайыстар өткізіледі.

Жер көлемі 6,9 гектарды құрайтын лагерь 8 маусым бойынша жұмыс істейді. Әр маусымда 250-ге жуық бала қабылданады. Жалпы 2 мың бала демалады. Балалар лагерь әр жылдың 1 маусым – 26 тамыз аралығында жұмыс істейді.  Мұнда 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Жұмыскерлердің орташа жалақысы – 120 мың теңге.

Айта кетейік, облыс бойынша биыл 35 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагерьлері қызмет көрсетпек. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істейді.

 

Previous Post

Түркістан облысында білім сапасын көтеру мәселесі қалай шешілуде?

Next Post

Қазығұрт ауданында оқушылардың білімін арттыру басты назарда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz