Түркістан облысында білім сапасын көтеру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен Түркістан облысының 2024-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасы қабылданды. Сонымен қатар, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын Түркістан облысында іске асырудың жол картасы әзірленді. Түркістан облысының білім жүйесін дамыту 3 бағытта жүргізілетін болады. Атап өтсек, балабақша – жайлылық пен даму аумағы, әр мектеп – ең жақсы мектеп, ТжКБб (колледж) – жұмысшы кадрлардыдаярлаудың негізгі буыны.
Балабақша – жайлылық пен даму аумағы бойынша облыстағы 1421 балабақшада 156 мың орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Оның ішінде 263 мемлекеттік, 49 шағын орталық, 1109 жекеменшік. Тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында балабақшаға қамтылмаған әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары мен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көңіл бөлінуде. Осы ретте, облыста 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс орналастыру турлы қағидаға сәйкес мемлекеттік тапсырыс орналастыруға 2 рет конкурс жарияланды. 2023 жылғы 4 қазанда облыс әкімдігінің №218 қаулысымен 150 267 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Қағидаға сәйкес мемлекеттік тапсырыс орналастырылған балабақшаларға жылына бір рет мониторинг жүргізіледі.
Балабақша педагогтер мен тәрбиешілердің кәсіби дамуын тереңдете түсу мақсатында өңірде 6 жетекші орталық пен 26 консультациялық пункт құрылып, өзге балабақшаларға тәжірибесін бөлісуде. 2024 жылы балабақшадағы 800 педагог, 2025 жылы 1000 педагог біліктілік курстарынан өтеді. Сонымен қатар, балабақша жүйесін сатылай цифрлы жүйеге өткізіп, сапа мен баланың келіп-кетуінің электронды қадағалау ендіріледі.
Түркістан облысындағы ауылдық жердегі білім сапасын көтеру мақсатында 2024-2025 жылдары 10 педагогикалық шеберлік арттыру орталығы, 10 жетекші мектеп, ал тағы 5 ауданда «Мобильді мұғалім» жобасы іске қосылатын болады. Сонымен қатар, жақында Жапон еліне барып, тәжірибе жинақтап келген өңір ұстаздары мен әдіскерлері «Lesson study» әдісін сатылап енгізуді және «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасын жалғастыруды жоспарлап отыр.
Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім алуын қамтамасыз етуде еліміздегі іргелі жоғары оқу орындары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ясауи атындағы ХҚТУ мен меморандум түзілді. Жалпылама емес, нақты мақсатты жұмыс жүргізу бүгінгі мобильді қоғамның басты талабы. Осыны ескере, жыл сайын оқу жылының соңында білім деңгейі ең төмен 100 мектепті электронды журнал арқылы анықтап, тек сол 100 білім беру ұйымына арналған мақсатты жұмыс жоспары әзірленеді. Тиісті қаржысын қаралып, әдістемелік және менеджментік көмек ұйымдастырылатын болады. Осы аталған жұмыстар алдағы уақытта өңірдің білім сапасына оң нәтиже беретін болады деп күтілуде. Оқушыларға профориентация бағытында «Bolashaq» Халықаралық бағдарламалар орталығы акционерлік қоғамы және Жоғарғы оқу орындарымен меморандум түзіліп, жүйелі кеңес беру менторлық жұмысы жолға қойылып отыр.
Түркістан облысында жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы білім алады.Соның ішінде 912-мемлекеттік мектепте – 482 722 оқушы, 140-жекеменшік мектепте – 36 057 оқушы бар. 2023-2024 оқу жылында 32306 оқушы 11-сыныпты бітірді. Облыстағы түлектердің 1727- «Алтын белгіге» үміткер болса, 2466 оқушы жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестат» иегері атанбақ. Ал 9-сыныпты 45416 оқушы бітіреді деп күтілуде, оның ішінде – негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» — 4540 үміткерлер. ҰБТ-ге 27 340 оқушы қатысады.